2021 жылғы маусымда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының өзгеруі туралы 01.07.2021

2021 жылғы маусымда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының өзгеруі туралы 01.07.2021

Ағымдағы жылғы маусымда мамырмен салыстырғанда отандық өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 3,1% жоғарылады.

пайызбен, өсуі+, төмендеуі- 

 

2021 жылғы маусым

2021 жылғы
қаңтар-маусым
2020 жылғы
қаңтар-маусымға

2021 жылғы мамырға

2020 жылғы желтоқсанға

2020 жылғы маусымға

2015 жылғы желтоқсанға

Өнеркәсіп – барлығы

3,1

28,4

50,2

90,5

22,3

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

3,2

40,4

80,4

101,2

26,6

Өңдеу өнеркәсібі

3,3

15,8

25,5

85,6

17,2

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау

0,6

7,0

13,3

28,8

9,2

Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет

0,2

0,9

1,8

21,9

1,5

Өткен айда тау-кен өндіру саласында бағаның металл кендеріне - 6,3%, мұнайға - 3%, көмірге - 0,8%, табиғи газға 0,2% жоғарылауы байқалды.

Өңдеу саласында баға қара металдар илегіне - 10,7%, қорғасынға - 9,2%, мысқа - 8,6%, мырышқа - 4,6%, асыл металдарға - 4,4%, алюминийге - 4%, ферроқорытпаларға 3,4% жоғарылады. Мұнай өнімдерінен бензинге - 4%, мазутқа - 0,8%, дизель отынына 0,3% қымбаттады, сұйытылған пропан және бутанға 0,6% арзандады.

Азық-түлік өнімдерінен өндірушілерде баға өсімдік майына - 5,4%, шайға - 2,8%, құс етіне - 1,7%, мал етіне, жармаларға және нанға - 0,7%-дан, күрішке - 0,5%, сүт өнімдеріне 0,3% жоғарылады, қара бидай ұнына - 3,1%, қантқа - 0,5%, макарон өнімдеріне 0,3% төмендеді.

Баға электр энергиясымен және сумен жабдықтауда электр энергиясы, оны тарату бойынша қызметтерді қоса алғанда 0,7% жоғарылады.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Д. Байгужинова Қ. Жақыпбекұлы Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749287 Тел. +7 (7172) 749057 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы