Бір айда (2021 жылғы маусым 2021 жылғы мамырға) баға азық-түлік тауарларына – 1,7%, азық-түлік емес тауарларына – 0,8%, ақылы қызметтерге 0,7% жоғарылады.
пайызбен, өсуі
|
|
2021 жылғы маусым |
2021 жылғы қаңтар-маусым 2020 жылғы қаңтар-маусымға |
|||
|
2021 жылғы мамырға |
2020 жылғы желтоқсанға |
2020 жылғы |
2015 жылғы желтоқсанға |
||
|
Тауарлар мен қызметтер |
1,1 |
4,6 |
7,9 |
44,9 |
7,3 |
|
Азық-түлік тауарлары |
1,7 |
6,6 |
10,6 |
59,7 |
10,5 |
|
Азық-түлік емес тауарлар |
0,8 |
3,9 |
6,9 |
46,1 |
6,0 |
|
Ақылы қызметтер |
0,7 |
2,8 |
5,6 |
26,6 |
4,4 |
Бағаның өсуі сәбізге – 1,9 есе, қызылшаға – 1,5 есе, картопқа – 40,7%, күнбағыс майына – 5,6%, қой етіне – 2,7%, жармаларға – 1,8%, құмшекерге – 1,5%, құс етіне, жылқы етіне – 1,4%-дан, ет өнімдеріне – 1,1%, макарон өнімдеріне, нанға – 0,8%-дан, жаңа жиналған жемістерге, шайға 0,7%-дан белгіленді. Минералды және ас су – 1,3%, салқындатылған сусындар, алкогольды сусындар 0,9%-дан қымбаттады. Бағаның төмендеуі қиярға – 33,2%, қызанаққа – 14,2%, жұмыртқаға – 13,9%, сарымсаққа – 11%, банандарға – 6%, апельсиндерге 2,9% тіркелді.
Баға өсімі тұрмыстық аспаптарға – 2,2%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 1,9%, құрылыс материалдарына – 1,5%, автомобильдерге – 1,3%, киім және аяқ киімге – 0,7%, ыдыс-аяққа, жуғыш және тазалағыш құралдарға, жеке қолданылатын тауарларға 0,6%-дан құрады. Дизель отыны – 1,8%, баллондағы сүйытылған газ – 1,4%, бензин 0,3% қымбаттады.
Баға деңгейі санаторийлер қызметтеріне – 3,7%, кешенді демалу ұйымдарға – 3%, шаштараздар мен сұлулық салондар қызметтеріне – 1%, қонақ үйлер қызметтеріне – 0,9%, моншаға бару 0,8% жоғарылады. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы – 22,7%, қалааралық автобуспен 2,4% қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 1,7%, электр энергиясына – 1%, суды бұруға, суық суға 0,5%-дан жоғарылады, ал ыстық суға 2,7% төмендеді.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 508 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.
2021 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 39,1%, азық–түлік емес тауарлар – 29,6%, ақылы қызметтер 31,3% құрады.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы
| Орындаушы: | Департамент директоры: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| А.Р. Рашидов | Қ. Жақыпбекұлы | Әсем Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749536 | Тел. +7 (7172) 749057 | Тел. +7 (7172) 749002 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы