
Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Алматы қаласының 2021 жылдың Ұлттық санаққа дайындық жұмыстарымен танысты.
2021 жылдың Ұлттық санағының негізгі кезеңі 1 қыркүйекпен 30 қазан аралығында жүргізіледі. Дегенмен, тұрғын жай ретінде қолданылатын тұрғын үйлер мен тұрғын емес орынжайлардың тізімін алдын-ала нақтылап алу қажет. Бұл дайындық кезеңі, 1-30 маусым аралығында жүргізіледі.
Қазіргі уақытта Алматыда 48 нұсқаушылық және 618 тіркеу учаскелері құрылған. 4 мамырдан бастап 37 нұсқаушымен ұлттық санаққа дайындық жүргізу және өткізу бойынша еңбек шарттары жасалған. Сондай-ақ, нұсқаушы-бақылаушылармен, сұхбаттасушылармен (интервьюерлермен) ақылы қызмет көрсету келісім шарттары жасалған. Санақты сапалы өткізу мақсатында барлық санақ қызметкерлері (703 адам) Алматы қаласының статистика департаментінің базасында оқытылды.
«Бізді үлкен жұмыс күтіп тұр. Тек Алматының өзінде біздің интервьюерлеріміз санаққа дейін 600 мыңнан астам тұрғын және тұрғын емес орын жайларды аралап шығуы керек. Бұл өте маңызды кезең, интервьюерлерге берілетін жүктеменің дұрыс бөлінуі мен тұрғын санының негізгі санақ кезеңінде толық еспке алынуы осы жұмыстарға байланысты болмақ», - деп атап көрсетті Айдапкелов, департамент қызметкерлерімен кездесу кезінде.
Алматыда санақ қызметкерлерін қабылдау кезінде ол туралы Департаменттің сайтына және әлеуметтік желісіне, тұрғындарды жұмыспен қамту орталығының, «Еңбек электронды биржасы» АЖ-нің әлеуметтік желілеріне хабарландырулар берілді, ЖОО-на, жастар ұйымдарына хаттар жіберілді, сондай-ақ, жұмысқа орналастыру жөніндегі жеке сайттарға хабарландырулар шығарылды. Сонымен қатар, интервьюерлермен сұқбат кезінде олардың тарапынан жалақының аздығына байланысты бас тартулар көп болды.
Қазіргі уақытта санақ қызметкерлері толықтай оқытылып, орынжайлармен, компьютерлермен, жиһаздармен қамтамасыз етілді. Компьютерлері Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына (МО БКО) қосылды. Әрбір қызметкер жеке қорғаныс құралдарымен қамтылған. Қалалық автокөлікте (автобустар, троллейбустар және метро) тегін жүру мәселесі шешілді. Әрбір нұсқаушылық және тіркеу учаскесіне учаскелік полиция инспекторы бекітілген.
Алдын-ала алынған мәлімет бойынша санақ қызметкерлері тұрғындар тұруы мүмкін 631 083 тұрғын және тұрғын емес орынжайларды аралауы керек. 2021 жылдың 18 маусымына санақ қызметкерлері аралаған үйлердің, тұрғын үйлердің (тұрғын үй ғимараттары) және тұру үшін пайдаланатын тұрғын емес орынжайлардың саны 401 168 нысан (64%) болды, мұнда тұратын тұрғындар саны – 1 113 450 адам.
2021 жылдың Ұлттық санағының негізгі кезеңі 1 қыркүйекпен 30 қазан аралығында өтеді. Оған онлайн режимінде де, дәстүрлі тәсілмен де қатысуға болады.
2021 жылдың санағының ұраны - «Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!»
| Орындаушы: | Департамент директоры: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| О. Нурекенов | Ф. Қалиев | Әсем Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749556 | Тел. +7 (7172) 749095 | Тел. +7 (7172) 749002 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы