2021 жылдың Ұлттық санағын жүргізу жұмыстарына 32 мыңнан аса адам тартылуда. Олардың көпшілігі интервьюер қызметін атқарып, үйлерді аралап, Қазақстан азаматтарымен тікелей жұмыс жасайды. Интервьюерлерді тану қиын емес, әрбір қызметкер өзінің қызметтік куәлігін көрсетеді, мұнда оның фотосуреті, тегі, аты, әкесінің аты, куәліктің берілген уақыты мен жарамдылық мерзімі, сондай-ақ, аумақтық статистика бөлімшесінің қолы мен мөрі болады. Сонымен қатар, барлық интервьюерлердің көк түсті, халық санағының белгісі бейнеленген мойынорағашы мен портфелі болады.
Ұлттық статистика бюросы біздің интервьюерлермен танысуды және біздің азаматтарымыздың деректерін жинауға жауапты тұлғалардың кім екенін білуді ұсынады.
Түркістан облысында Ұлттық санақты жүргізуге қазақстандық статистика саласының ардагері Мулдеков Оралазы Заурұлы қатысады.
Ол 25.07.1951 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Леңгір ауданының «1 май» ауылында дүниеге келген.
1973 жылы Шымкент педагогикалық-мәдениет институтын «Библиограф» мамандығы бойынша бітіріп, өзінің еңбек жолын сол жылы Шымкент облыстық комсомол комитетінде нұсқаушы болып бастаған.
1999 жылы Оразалы Заурұлы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы халық санағына интервьюер ретінде жұмысқа қабылданады. Ал 2003 жылы Леңгір ауданының статистика басқармасына бас маман болып келіп, осы салада 2014 жылға дейін, зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс жасайды. Біздің ардагеріміздің 5 баласы, 17 немересі, 1 шөбересі бар.
2021 жылы Оразалы Заурұлы үшінші Ұлттық халық санағының интервьюері ретінде статистикаға қайтып оралды.
«2021 жылдың санағы - ерекше», - дейді интервьюер. Ол 1999 жылы деректердің тек қағазға жазу арқылы жиналғанын, интервьюерлер үшін ерекшелік белгілері қарастырылмағанын есіне алады. 2009 жылдың санағында арнайы атрибутика пайда болды, ал деректерді жинақтау сол күйі қағазға жазылып жүргізілді. Ал қазір, 2021 жылы инвтервьюер планшет арқылы оңай жұмыс жасайды, мұнда арнайы қосымшада оның барлық учаскесі толықтай көрсетіледі, сауалнама парақтары да әзір, сондақтан ол жаңа технологияны қуана игеруде.
«Ұлттық санақ патироттық сезімді оятады. Адамдармен араласу арқылы көңіл-күйін көтеріледі. Технология бір орында тұрмайды. Оның тұрмысқа барынша енгенін қалаймын. Біздің егемен еліміздің тұрғындар саны арта берсін», - дейді Оразалы Заурұлы.
Қостанай облысының Рудный қаласында 2021 жылдың Ұлттық санағының дайындық кезеңінде Жұмабаева Қалия Қайнетқызы интервьюер ретінде жұмысқа кірісті. Санақ жүргізудің қандай жұмыс екенін ол жақсы біледі, Қалия Қайнетқызы 2003 жылдан бастап статистика органдарында жұмыс жасаған, ол өзінің еңбек жолын Қостанай облысының Ұзынкөл ауданының статистика басқармасында жетекші маман болып бастаған. 2008 жылдан бастап статистика органдарындағы қызметін Рудный қаласында жалғастырған.
Айта кету керек, Қалия Қайнетқызы 1989 жылы бүкілодақтық халық санағына да Қостанай облысының Ленин ауданының Киев ауылдық округінде нұсқаушылық учаскенің санақшысы ретінде қатынасқан. Бүкілодақтық санақ кезінде барлық санақ парақтарын жәй қарындашпен толтыруға, үлгі бойынша каллиграфиялық жазумен жазуға және әр әріпті шығаруға тура келді. Барлық санақ парақтары үлкен компьютерлерде өңделді. Одан кейін ол санақшы ретінде 1999 жылғы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Ұлттық санағына қатысады, ал 2009 жылдың санағы кезінде Рудный қаласының статистика басқармасында жұмыс жасап жүріп, санақ қызметкерлеріне практикалық көмек көрсетеді.
«Маған халық санағын жүргізген қатты ұнайды, ал биылғы жылы санақ планшеттер арқылы жүргізілетінін естігенде, бастапқыда аздап үрейлендім, алайда, жасқа қарамастан барлық нәрсені үйреніп алуға болады екен. Мен өзімнің статистика органдарында жұмыс жасағаныма қуанамын, бүкілодақтықтан бастап үшінші ұлттық санаққа дейін қатысу мен үшін өте әсерлі болмақ. Өмір жолымда мен тұтас дәуірлердің куәгері болдым», - дейді Қалия Қайнетақызы.
Жүсіпова Ражан Әбдіғалиқызы 2021 жылдың халық санағына Қостанай қаласында уәкілетті ретінде атсалысуда. Тәуелсіз Қазақстанның бірде-бір санағы оның қатысуынсыз өткен емес. 1999 жылдың санағында ол Қостанай облысының Щербаков ауылында санақшы болып жұмыс жасады. Есеп учаскесі Қосқұдық ауылын және Щербаков ауылының Қобыландин көшесінің тұрғындарын қамтыды.
«Ауылда көпбалалы отбасылар көп болды, мұндай отбасыларда санақ жүргізу біраз уақыт алатын, оның үстіне санақ парақтарын еш бүлдірмей, дұрыс толтыру қажет. Санақ жүргізем дегенше, санақшы сол отбасының туғанындай болып кетеді, ауылдың адамдарының ерекшелігі де осында», - деп есіне алады Ражан Әбдіғалиқызы.
2009 жылдың санағында ол Қостанай қаласының №10 мектеп-лицейінде орналасқан 16 санақ бөлімшесінде санақ бойынша уәкілетті болды. 2021 жылғы үшінші Ұлттық санаққа Ражан Әбдіғалиқызы Қостанай қаласының санақ бойынша уәкілетті ретінде қабылданды.