2019 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-МАМЫРДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНФЛЯЦИЯ 2,4%-ДЫ ҚҰРАДЫ

2019 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-МАМЫРДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНФЛЯЦИЯ 2,4%-ДЫ ҚҰРАДЫ

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы бес айда (2019 жылғы мамыр 2018 жылғы желтоқсанға) – 5,7%, азық-түлік емес тауарларына 1,8%-ға жоғарылады, ал ақылы қызметтерге 1%-ға төмендеді.

пайызбен, өсуі+, төмендеуі-

 

2019 жылғы мамыр

2019 жылғы қаңтар-мамыр

2018 жылғы қаңтар-мамырға

2019 жылғы сәуірге

2018 жылғы желтоқсанға

2018 жылғы мамырға

2015 жылғы желтоқсанға

Тауарлар мен қызметтер

0,6

2,4

5,3

25,3

5,0

Азық-түлік тауарлары

0,9

5,7

7,9

29,8

6,8

Азық-түлік емес тауарлар

0,5

1,8

6,1

29,2

6,1

Ақылы қызметтер

0,2

-1,0

1,3

16,2

1,7

Ағымдағы жылдың басынан (2019 жылғы мамыр 2018 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі жаңа жиналған көкіністерге – 38,2%, сөкке – 30,1%, ұнға – 12,4%, нанға – 8,1%, күрішке – 7,6%, мұздатылған балыққа – 7,4%-ға, макарон өнімдеріне, қой етіне – 6,4%-дан, жаңа жиналған жемістерге – 5%, мәйекті ірімшікке – 4,3%, жылқы етіне – 4,2%, шошқа етіне – 4,1%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне – 4%, ет өнімдеріне – 3,8%, құс етіне – 3,7%, шұжық өнімдеріне – 3,3%, шайға – 3,1%, кондитерлік өнімдерге 2,9%-ға белгіленді. Салқындатылған сусындар – 5,7%, темекі өнімдері – 4,9%, алкогольді ішімдіктер 4,2%-ға қымбаттады. Бағаның төмендеуі жұмыртқаға – 4%-ға, сүзбеге – 2,2%, шикі сүтке – 2,1%, қарақұмық жармасына 0,7%-ға тіркелді.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге – 4,1%, автомобильдерге – 3,3%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 2,9%, тоқыма бұйымдарына, киім және аяқ киімге, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 2,7%-дан, жеке қолданатын тауарларға – 2,6%, тұрмыстық аспаптарға 2,4%-ды құрады. Бензин – 4,1%, дизель отыны – 1,4%, баллондағы сұйытылған газ 0,9%-ға арзандады.

Баға деңгейі құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне – 5%-ға, денсаулық сақтау қызметтеріне, санаторийлер қызметтеріне – 3,9%-дан, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 3%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 2,8%, қонақ үйлер қызметтеріне – 1,9%, кабельдік телевизия қызметтеріне 1,3%-ға өсті. Жолаушылардың темір жол көлігімен жол жүру ақысы – 5,1%, әуе көлігімен 1,5%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға – 11%, суық суға – 7,5%, ыстық суға – 7,1%, кәрізге – 7%, электр энергиясына – 5,3%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,1%, қоқыс шығаруға 3,4%-ға төмендеді.

 03-06-2019-2kz

 

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2019 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 38,8%, азық–түлік емес тауарлар – 29,8%, ақылы қызметтер 31,4%–ды құрады.