2019 ЖЫЛҒЫ МАМЫРДАҒЫ ӨНЕРКӘСІПТІК ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАР БАҒАСЫ

2019 ЖЫЛҒЫ МАМЫРДАҒЫ ӨНЕРКӘСІПТІК ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАР БАҒАСЫ

Өнеркәсіптік өнімдерге өндіруші кәсіпорындардың бағасы ағымдағы жылғы бес айда (2019 жылғы мамыр 2018 жылғы желтақсанға) 4,8% жоғарылады. Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде - 7,4%, өңдеу өнеркәсібінде 3,4% жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнімдер 5,3%-ға қымбаттады, өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтер 0,1% арзандады.

Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасының өзгеруі
пайызбен, өсуі+, төмендеуі-

 

2019 жылғы мамыр

2019 жылғы қаңтар-мамыр

2018 жылғы қаңтар-мамырға

2019 жылғы сәуірге

2018 жылғы мамырға

2018 жылғы желтоқсанға

2015 жылғы желтоқсанға

Өнеркәсіп өнімдері, өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтерді қоса

2,3

12,2

4,8

59,9

10,7

Өнеркәсіп өнімдері

2,5

13,4

5,3

64,9

11,6

Өндіріс құралдары

1,8

8,5

5,6

43,9

5,3

Аралық тұтыну өнімдері

2,9

15,0

6,3

74,7

13,1

Тұтыну тауарлары

0,0

3,3

-0,9

17,9

2,6

Өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтер

0,0

0,2

-0,1

18,0

0,1

Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар бағасы металл кендеріне - 14,2%, көмірге - 10%, сұйытылған пропан және бутанға - 8,9%, мұнайға - 7,3%, табиғи газға - 2%, дизель отынына 1,5%-ға жоғарылады, олардың бензинге - 12,1%, мазутқа 1,8%-ға төмендеді.

Бағаның мырышқа - 10,8%, мысқа - 6,6%, асыл металдарға - 7,9%, қорғасынға - 2,8%,  ферроқорытпаларға 1,2%-ға жоғарылауы, олардың қара металдар илегіне - 1,5%, алюминийге 1%-ға төмендеуі тіркелді.

Өндірушілер бағасының қара бидай ұнына - 21,2%, бидай ұнына - 12,8%, күрішке - 13,7%, жармаларға - 10,2%, макарон өнімдеріне - 9,5%, мал етіне - 5,3%, нанға - 5,2%, шайға - 4%-ға, өсімдік майына және сүт өнімдеріне - 2,4%-дан, балыққа 1,7%-ға жоғарылауы, олардың құс етіне 2,9%-ға төмендеуі байқалды.

 03-06-2019-1kz