2019 ЖЫЛҒЫ МАМЫРДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ БАҒАСЫ

 2019 ЖЫЛҒЫ МАМЫРДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ БАҒАСЫ

Баға азық-түлік тауарларына бір жылда (2019 жылғы мамыр 2018 жылғы мамырға) 7,9%-ға өсті. Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, жаңа жиналған көкөністер, қант, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал жаңа жиналған жемістер, картоп арзандады.

Жарма өнімдері тобында бағаның әр бағытта өзгеруі белгіленді. 2019 жылғы мамырда күрішке орташа баға 2018 жылғы мамырдағы килограмына 290 теңгеге қарсы 337 теңгені, ал қарақұмық жармасы тиісінше 259 теңгеге қарсы 244 теңгені құрады.

Құмшекердің орташа бағасы 2019 жылғы мамырда килограмына 245 теңгені, 2018 жылғы мамырда 208 теңгені құрады.

2019 жылғы мамырда ет және ет өнімдерінен сиыр етінің жауырын-төс бөлігіне орташа баға килограмына 1 605 теңгені (2018 жылғы мамырда – 1 498 теңге), сүйегі бар қой етіне – 1 548 теңгені (1 418 теңге), сүйегі бар жылқы етіне – 1 827 теңгені (1 657 теңге), шошқа етінің жауырын бөлігіне – 1 355 теңгені (1 263 теңге), шала ысталған шұжыққа – 2 079 теңгені (1 898 теңге), тауықтың сан етіне – 761 теңгені (647 теңге) құрады.

2019 жылғы мамырдағы азық-түлік тауарларының жекелеген түрлеріне орташа бағалар
килограмм теңгемен

 

Қазақстан Республикасы бойынша

Баға

Қалада тіркелген

2018ж. мамыр

2019ж. мамыр

ең төмен

ең жоғары

ең төмен баға

ең жоғары баға

Бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан

125

139

108

168

Тараз

Ақтау

Сүзбе

1 552

1 558

1 147

2 171

Петропавл

Атырау

Қаймақ

1 020

1 056

799

1 323

Талдықорган

Алматы

Мәйекті ірімшік

2 360

2 618

2 070

3 296

Шымкент

Нұр-Сұлтан

Айран

278

287

223

354

Талдықорган

Нұр-Сұлтан

Пастерленген сүт

217

240

181

260

Талдықорган

Алматы

Тұздалмаған сары май

2 002

2 187

1 782

3 356

Павлодар

Ақтау

Күнбағыс майы, литр

401

435

380

487

Қарағанды

Ақтау

Жұмыртқа, ондық

241

259

184

322

Петропавл

Алматы

Тұз

51

52

40

59

Ақтөбе, Орал

Алматы

Картоп

130

92

60

127

Қарағанды

Ақтау

Ақ қауанды қырыққабат

102

193

107

305

Шымкент

Нұр-Сұлтан

Басты пияз

99

134

103

243

Павлодар

Нұр-Сұлтан

Сәбіз

123

125

95

166

Павлодар

Ақтау

Алма

428

369

293

495

Түркістан

Өскемен

Банан

520

522

446

611

Қарағанды

Ақтау

Ескерту: тамақ өнімдерінің бағасын тіркеу меншіктің барлық нысанындағы сауда кәсіпорындарының іріктеме желісі бойынша және Қазақстанның ірі қалаларындағы қалалық базарларда жүзеге асырылады. Республика бойынша орташа баға деңгейі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалалары, облыс орталықтары және аудандардың іріктелген шеңберінің баға деңгейінен салмақталған шамасы ретінде анықталады.