2019 ЖЫЛҒЫ МАМЫРДА ЕҢ ТӨМЕН КҮНКӨРІС ДЕҢГЕЙІНІҢ ШАМАСЫ 28 324 ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

2019 ЖЫЛҒЫ МАМЫРДА ЕҢ ТӨМЕН КҮНКӨРІС ДЕҢГЕЙІНІҢ ШАМАСЫ 28 324 ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы мамырда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 7,1%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 20,2%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 15,5%, жемістер мен көкөністерді – 9,5%, нан және жарма өнімдерін – 7,6%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,2%-ды құрады.

теңге

 

Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда

0-13 жастағы балалар

14-17 жастағы жасөспірімдер

18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халық

Зейнет-керлер мен қарт адамдар

жас жігіттер

қыздар

ерлер

әйелдер

Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы

28 324

22 579

35 858

27 475

33 715

26 769

26 589

 Азық-түлік тауарлары

15 579

12 418

19 722

15 111

18 543

14 723

14 624

 Азық-түлік емес тауарлар
 мен көрсетілетін қызметтер

12 745

10 161

16 136

12 364

15 172

12 046

11 965

 04-06-2019-1kz

 

Әдіснамалық түсініктемелер

Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.