2019 жылғы сәуірде халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 98019 теңгені құрады, бұл 2018 жылғы сәуірге қарағанда 8,1% жоғары, аталған кезең ішінде нақты ақшалай табыстар 3,1% өсті.
2019 жылғы сәуірде халықтың атаулы ақшалай табыстарының құрылымында жалдамалы жұмыспен қамтылудан түскен табыс 71%, жеке кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар - 11,5%, әлеуметтік трансферттер түріндегі табыстар - 16,4% және өзге де ақшалай табыстар 1,1% құрады.
* Алдын ала деректер. Дереккөздердің нақтылануына байланысты деректер қайта есептеледі (2019 жылғы I тоқсан деректерін қайта есептеу күні - 28.06.2019жыл).
Осы тақырыптағы келесі баспасөз хабарламасы ағымдағы жылдың 15 шілдеде шығады.