Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2019 жылғы қаңтар-мамырда 2018 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 103,7% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60%-н аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2019 жылғы қаңтар-мамырда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3879,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 7,8% артық.
2019 жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 11836,2 млрд. теңгені құрды, бұл 2018 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 2% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі – 0,7%, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс – 3,6%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 1,3%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 10,1% артты.
2019 жылғы қаңтар-мамырда ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметі) көлемі 824,9 млрд. теңгені құрап, 2018 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 3,7% артық.
2019 жылғы қаңтар-мамырда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 950,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 8,8% артық.
2019 жылғы қаңтар-мамырда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 105,3% құрады.
2019 жылғы қаңтар-мамырда жүк айналымының көлемі 236,4 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2018 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 1,8% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 115,3 млрд. жкм құрап, 4,3% артты.
2019 жылғы қаңтар-сәуірде «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 101,2% құрады.
2019 жылғы қаңтар-мамырда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 107,5%-ды құрады.
2019 жылғы қаңтар-мамырда бөлшек сауда көлемі 3961,1 млрд. теңгені немесе 2018 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 105% құрады (салыстырмалы бағада).
2019 жылғы қаңтар-мамырда көтерме сауда көлемі 8456,1 млрд. теңгені немесе 2018 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 108% құрады (салыстырмалы бағада).
2019 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 28659,8 млн. АҚШ долларын құрап, 2018 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 0,1% азайды, оның ішінде экспорт – 18500,8 млн. АҚШ долларын (1,2% кем), импорт – 10159 млн. АҚШ долларын құрады (2% көп).
2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 438065 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 429202 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 294084 құрады, оның ішінде 285647 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).
Тұтыну бағасының индексі 2019 жылғы мамырда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,4%-ды құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 5,7%, азық-түлік емес тауарларға 1,8% өсті, ал халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 1% төмендеді. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2019 жылғы мамырда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4,8% жоғарылады.
Әлеуметтік сектор
2019 жылғы сәуірде халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 98019 теңгені құрады, бұл 2018 жылғы сәуірге қарағанда 8,1% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 3,1% артты (алдын ала деректер).
2019 жылғы мамырда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 173499 теңгені құрады.
2019 жылғы мамырда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 442,1 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2019 жылғы мамырдың соңына 169,9 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,9%.