2018 жылы Қазақстан Республикасында 4,3 млн. тонна* тұрмыстық қатты қалдықтар пайда болды, олардың ішінде 2,8 млн. тоннасы жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын мамандандырылған кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлер жинаған коммуналдық қалдықтар.Негізгі үлес үй шаруашылықтарының қалдықтарына келеді (74,1%), 12,5% өндіріс қалдықтары (тұрмыстық қалдықтарға теңестірілген), 9,7% - көшеден жиналған қоқыс, 2,1% - базар қалдақтары құрады.
Келіп түскен қалдықтардың жалпы көлемінен 69% оларды әрі қарай сақтауға беру үшін түскен, 18% - сортталған және әрі қарай қайта өңдеуге бағытталған, 13% - кәдеге жаратылған.
2018 жылы Қазақстанның бір тұрғынына 2017 жылғы 270 қарсы орта есеппен 236 килограмм пайда болған коммуналдық қалдықтар келеді.
* Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің деректері бойынша