Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2019 жылғы I тоқсанда 4,1% - ды құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен сәйкес келді. 2019 жылғы I тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Түркістан (10%), Жамбыл (5,4%) және Қызылорда (5%) облыстарында,байқалды, ал ең төмені – Нұр-Сұлтан (0,5%) қаласында тіркелді.
Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары табыстар сияқты айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен, 2019 жылғы I тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстарда 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 4,9 есені, азық-түлік емес тауарларға – 7,4 есені, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 7 есені құрады.
* 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы өзгерді. Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесі ең төменгі азық-түлік себеті құнының 45%-ы мөлшерінде белгіленді (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 296 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 354 бірлескен бұйрығы).