Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Қостанай облысының 2021 жылдың ұлттық санағына дайындық жұмыстарымен танысты.
2021 жылдың ұлттық санағының негізігі кезеңі 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізіледі. Бұл кезең аса нәтижелі болуы үшін, әсіресе аймақтарда ауқымды жұмыстар жүргізілуі қажет.
Ол үшін өңірлік статистика департаменттері бүгінгі күннің негізгі міндеті ретінде 1-30 маусым аралығында дайындық кезеңін өткізулері керек. Осы кезең барысында тұрғын жайлар, тұрғын үйлер мен тұрғын үй ретінде пайдаланылып отырған тұрғын үй емес жайлардың тізімін нақтылау қажет.
«Сол арқылы екінші яғни негізгі кезең үшін база құрылады. Бұл дайындық жұмыстары ұлттық санақтың негізгі кезеңінде интервьюерлерге берілетін жүктеменің бірдей болуы үшін елді мекендер аумақтарын осы қазір дұрыс бөлуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, санақ аудандарының бөлінісін дұрыс жүргізу тұрғындардың санақ кезінде толық есепке алынуын қамтамасыз етеді», - деп атап көрсетті Айдапкелов.
Қостанай облысында қазірдің өзінде 38 нұсқаушылық учаске мен 265 тіркеу учаскелері құрылған. 4 мамырдан бастап ұлттық санаққа дайындық және жүргізу жөніндегі нұсқаушылармен (61 адам) еңбек келісім шарттары жасалаған. Сондай-ақ, нұсқаушы-бақылаушылармен және интервьюерлермен ақылы қызмет көрсету келісім шарттары жасалып, қызметкерлерді оқыту жүргізілген (397 адам).
Санақ қызметкерлерін қабылдауда Ұлттық статистика бюросының сайтында, әлеуметтік желілерде «Электрондық еңбек биржасы» АЖ-де хабарландырулар жарияланды.
Санақ қызметкерлері орынжаймен, компьютерлермен, жиһазбен толықтай қамтамасыз етілген. Компьютерлері Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына (МО БКО) қосылған. Әрбір қызметкер жеке қорғаныс құралдарымен қамтылған. Олар үшін қаладағы қоғамдық көлікте тегін жүру мәселесі шешілген. Әрбір нұсқаушылық және тіркеу учаскесіне полиция инспекторы бекітілген.
Қостанай облысының қалалық және аудандық әкімдіктерінің алдын ала мәліметтері бойынша, санақ қызметкерлері 320 мың тұрғын және тұрғын емес жайларды, оның ішінде адамдар тұруы мүмкін саяжай қауымдастықтарындағы 1205 орынжайды аралауы керек. 2021 жылдың 8 маусымына аралап өткен тұрғын жай, тұрғын үй және тұрғын үй ретінде пайдаланылатын тұрғын үй емес орынжайлардың саны 63691 нысанды (24,1%) құрайды, мұнда тұратын тұрғындар саны – 163782 адам.
2021 жылдың ұлттық санағының негізігі кезеңі 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі кезең аралығында өтеді. Оған онлайн режимде де, дәстүрлі тәсілмен де қатысуға болады. 2021 жылдың санағының ұраны - «Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!»
| Орындаушы: | Департамент директоры: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| О. Нурекенов | Ф. Қалиев | Әсем Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749556 | Тел. +7 (7172) 749095 | Тел. +7 (7172) 749002 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы