2019 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-СӘУІРДЕ 308 794 ЖЕҢІЛ АВТОМОБИЛЬ ТІРКЕЛГЕН

 2019 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-СӘУІРДЕ 308 794 ЖЕҢІЛ АВТОМОБИЛЬ ТІРКЕЛГЕН

2019 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстан Республикасында 308794 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 14,2%-ға көп. Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3942,1 мың бірлікті құрады.1)

Ағымдағы жылғы қаңтар-сәуірде 4242 адам зардап шеккен 6237 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 1,1%-ға азайған.2)

2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарымен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 9,7 млрд теңге сомасына 25610 сақтандыру төлем жүзеге асырылды.3) 

 14-06-2019-1kz

 

1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.

2)Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша.

3)Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі деректері бойынша.