2019 жылғы 1 мамырға еліміздегі халық саны 18468,9 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 10751,4 мың (58,2%), ауылдықтар –7717,5 мың адамды (41,8%) құрады.
2018 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 236,9 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 4 өңірінде: Нұр-Сұлтан қаласы (52,8 мың адам), Алматы қаласы (50,3 мың адам), Түркістан облысы (31,1 мың адам) және Шымкент қаласында (30,1 мың адам) қалыптасты.