2018 ЖЫЛЫ ХАЛЫҚ ТҰТЫНҒАН ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

2018 ЖЫЛЫ ХАЛЫҚ ТҰТЫНҒАН ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

2018 жылғы үй шаруашылықтарының іріктемелі зерттеу деректері бойынша тамақ депривациясының деңгейі немесе тамақтану калориялығы ең төменгі шекті деңгейден де төмен халықтың үлесі 4,6%-ды құрады.

Тамақтану калориялығы ең төменгі шекті деңгейден де төмен халықтың үлесі
пайызбен

 

2016

2017

2018

Қазақстан Республикасы

4,5

3,6

4,6

соның ішінде:

 

 

 

қалалық жер

4,6

3,5

4,5

ауылдық жер

3,7

3,0

3,7

2018 жылы халық тұтынған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы күніне орташа жан басына шаққанда 3184 ккалды құрады. Ауылдық жердегі халықтың тамақтануы қалалық жерге қарағанда неғұрлым калориялы (құнарлы) екендігін атап өтуге болады.

Халық тұтынған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы
ккал

 

Тұтынылған тамақ өнімдерінің

энергетикалық құндылығы

Энергетикалық құндылықтарға

ең төменгі қажеттіліктер

2016

2017

2018

2016

2017

2018

Қазақстан Республикасы

2975

3192

3184

1819

1868

1864

соның ішінде:

 

 

 

 

 

 

қалалық жер

2935

3162

3133

1824

1867

1861

ауылдық жер

3028

3233

3253

1813

1870

1869

 Өңірлік тұтынуды қарастыра отырып, еліміздің барлық өңірлерінде халық тұтынған тамақ өнімдерінің нақты энергетикалық құндылығының деңгейі энергетикалық құндылықтарға ең төменгі қажеттіліктердің деңгейінен асып түскендігін атап өткен жөн. Халық тұтынған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығының ең жоғары деңгейі Шымкент қаласы және Шығыс Қазақстан облысында, ал ең төменгі – Нұр-Сұлтан қаласында байқалады.

 21-06-2019-1kz

 

Егер халық тұтынған тамақ өнімдерінің химиялық құрамын қарастыратын болсақ, онда ең жоғары үлес салмағы көмірсутегіне келеді. Ауылдық жердегі халық рационындағы көмірсутегінің үлесі (нан өнімдері және жарма өнімдері) қалалық жерге қарағанда жоғары. Құрамында ақуыз және майы көп (ет және ет өнімдері, сүт өнімдері және жұмыртқа) өнімдердің үлесі ауылға қарағанда қала тұрғындарында жоғары.

Халық тұтынған тамақ өнімдерінің тәуліктік
рационындағы тағамдық заттардың құрамы
пайызбен

 

Ақуыздар

Майлар

Көмірсутектер

2016

2017

2018

2016

2017

2018

2016

2017

2018

Қазақстан Республикасы

13,1

12,5

13,1

35,0

33,9

34,2

51,9

53,7

52,5

соның ішінде:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қалалық жер

13,3

12,7

13,5

36,0

35,3

35,5

50,7

52,0

51,1

ауылдық жер

12,8

12,2

13,1

33,7

31,9

32,5

53,5

55,9

54,4

Көрсеткіштер ADePT азық-түлік қауіпсіздігінің статистикалық бағдарламасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) әдіснамасы бойынша есептелген.