Еліміздің барлық өңірлерінде «Ұлттық халақ санағы 2021» бойынша брифингтер өтті

Еліміздің барлық өңірлерінде «Ұлттық халақ санағы 2021» бойынша брифингтер өтті

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен 2021 жылы өтетін Ұлттық халық санағына дайындық пен өту барысы жөніндегі арнайы комиссияның кезекті отырыс өтті.

Жиын барысында Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов халық санағына дайындық шараларының қазіргі жайы турасында баяндады. 1 маусымнан бастап интервьюерлер әрбір елді мекен бойынша тұрғын жайлар және тұрғын үй ретінде пайдаланылатын тұрғын емес орындардың барлығын аралап, олардың тізімін және тұрғылықты тұратын тұрғындардың санын нақтылайтынын атап өтті. Қазірде уақытша санақ қызметкерлерін тарту жөніндегі жұмыстар аяқталуда. Интервьюерлер барлық қажетті қорғаныш заттарымен қамтылған.

Сондай-ақ, Нұрболат Айдапкелов халық санағына дайындық шаралары мен ақпарттық-түсіндіру жұмыстарының белсенді түрде жүргізіліп келе жатқанын мәлімдеді. Ол үшін Ұлттық статистика бюросының жанынан баспасөз-орталығы құрылып, «2021 жылғы Ұлттық халық санағының» ресми өкілі болып Олжас Сайлаубекұлы тағайындалды. Облыстық департаменттерде баспасөз-хатшылары тағайындалды. Республикалық және жергілікті телеарналарда, әлеуметтік желілерде халық санағына дайындық кезеңі туралы бейнероликтер көрсетілуде.

2021ж. 2-3 мусымда барлық облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда халық санағына әзірлік пен өту барысына арналған брифингтер өтті. Оларға аймақтық статистика департаменттерінің басшылары мен орынбасарлары спикер ретінде қатысты.

БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушылары сауалдарын жолдап, толыққанды жауаптарын алды.

Айта кетейік, халық санағына қатысты маңызды деректер арнайы sanaq.gov.kz. сайтында орналастырылған. Кез келген азамат ұлттық санаққа қатысты барлық мәліметтерді көре алады. Сонымен қатар, елдің барлық аумағындағы мобильді және стационар телефондар үшін бірыңғай «1446» call-орталығы жұмыс жасайды. Сондай-ақ, 8 8000 800 878 нөмірі де қызмет көрсетеді. Сall-орталыққа қоңырау шалу тегін. 

Фото перепись

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Ұлттық санақтары

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
О. Нурекенов Ф. Қалиев Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749556 Тел. +7 (7172) 749095 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы