Бір айда (2021 жылғы мамыр 2021 жылғы сәуірге) баға азық-түлік тауарларына – 0,8%, азық-түлік емес тауарларына – 0,6%, ақылы қызметтерге 0,7% жоғарылады.
пайызбен, өсуі
|
|
2021 жылғы мамыр |
2021 жылғы қаңтар-мамыр 2020 жылғы қаңтар-мамырға |
|||
|
2021 жылғы сәуірге |
2020 жылғы желтоқсанға |
2020 жылғы |
2015 жылғы желтоқсанға |
||
|
Тауарлар мен қызметтер |
0,7 |
3,5 |
7,2 |
43,4 |
7,2 |
|
Азық-түлік тауарлары |
0,8 |
4,9 |
9,3 |
57,0 |
10,5 |
|
Азық-түлік емес тауарлар |
0,6 |
3,1 |
6,7 |
45,0 |
5,8 |
|
Ақылы қызметтер |
0,7 |
2,1 |
5,1 |
25,7 |
4,2 |
Бағаның өсуі қызылшаға – 27,7%, сәбізге – 16,1%, картопқа – 11,1%, күнбағыс майына – 3,3%, қой етіне – 3,2%, қырыққабатқа – 3%, құмшекерге, жаңа жиналған жемістерге – 1,7%-дан, жармаларға, макарон өнімдеріне, құс етіне – 1,3%-дан, шайға – 1,2%, ет өнімдеріне – 1,1%, ұнға, сары майға – 1%-дан, сүтке 0,8% белгіленді. Минералды және ас су – 2%, салқындатылған сусындар – 1,7%, алкогольды сусындар 0,9% қымбаттады. Бағаның төмендеуі қиярға – 23,4%, қызанаққа – 17,2%, жұмыртқаға, апельсиндерге 2,8%-дан тіркелді.
Баға өсімі автомобильдерге – 2%, шыны және қыш бұйымдарға – 1%, ыдыс-аяққа – 0,9%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 0,8%, киім және аяқ киімге – 0,7%, құрылыс материалдарына – 0,6%, жеке қолданылатын тауарларға 0,4% құрады. Бензин – 1,8%, баллондағы сүйытылған газ – 1,2%, дизель отыны 0,9% қымбаттады.
Баға деңгейі моншаға бару – 2%, санаторийлер қызметтеріне – 1,9%, кабельдік телевизия қызметтеріне – 1%, шаштараздар мен сұлулық салондар қызметтеріне, қонақ үйлер қызметтеріне – 0,9%-дан, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 0,6% жоғарылады. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы – 8,7%, қалалық автобуспен 1,4% қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер қоқыс шығаруға – 5,7%, электр энергиясына 1,7% жоғарылады, ал ыстық суға 1% төмендеді.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 508 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.
2021 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 39,1%, азық–түлік емес тауарлар – 29,6%, ақылы қызметтер 31,3% құрады.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы
| Орындаушы: | Директордың орынбасары: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| А.Р. Рашидов | Демешева Т.М. | Әсем Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749536 | Тел. +7 (7172) 749057 | Тел. +7 (7172) 749002 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы