Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2020 жылғы қаңтар-сәуірде 2019 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 101,2% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2021 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2868,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 6,6% кем.
2021 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 11045,3 млрд. теңгені құрды, бұл 2020 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 0,8% артық. Төмендеу кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда (6,3%) тіркелген. Бұл кезде өсім өңдеу өнеркәсібінде (7,7%), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда (5,3%), сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, өндіріс ластануын жою бойынша қызметте (7,5%) байқалады.
2021 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 831,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 3% артық.
2021 жылғы қаңтар-сәуірде құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 752,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 12,5% артық.
2021 жылғы қаңтар-сәуірде «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 91% құрады.
2021 жылғы қаңтар-сәуірде жүк айналымының көлемі 179,5 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2021 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 1,5% кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 26,6 млрд. ж-км құрап, 60,7% кеміді.
2021 жылғы қаңтар-сәуірде «Байланыс» саласы бойынша нақты көлемі индексі 111,1% құрады.
2021 жылғы қаңтар-сәуірде «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 105,7% құрады.
2021 жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда көлемі 3280,9 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 106,2% құрады (салыстырмалы бағада).
2021 жылғы қаңтар-сәуірде көтерме сауда көлемі 7112,2 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 108% құрады (салыстырмалы бағада).
2021 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 19729,8 млн. АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда номиналды мәнде 9,4% азайды, соның ішінде экспорт – 11526,5 млн. АҚШ долларын (19,7% аз), импорт – 8203,3млн. АҚШ долларын құрады (10,5% көп).
2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 465722 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,3% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 457130 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 339639 құрады, оның ішінде 331264 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2021 жылғы сәуірде 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,7% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 4,1%, азық-түлік емес тауарларға – 2,5%,халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 1,3% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2021 жылғы сәуірде 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 20,8% өсті.
Әлеуметтік сектор
2021 жылғы наурызда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша 122765 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2020 жылғы наурызға қарағанда 11,2% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 3,9% артты.
2021 жылғы сәуірде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 231319 теңгені құрады.
ХЕҰ әдістемесі бойынша анықталған жұмыссыздар саны 2021 жылғы I тоқсанда 451,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2021 жылғы сәуірдің соңына 215 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,3%.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Жарияланымдар / Айлық басылымдар / Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуы
| Орындаушы: | Департамент директоры: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Г.Ғ. Айбасова | Ф.М. Қалиев | Әсем Алданғарқызы< | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749551 | Тел. +7 (7172) 749095 | Тел. +7 (7172) 749002 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы