2021 жылы Қазақстан Республикасының ірі және орта кәсіпорындардағы кадрлар саны және оған деген қажеттілік туралы

2021 жылы Қазақстан Республикасының ірі және орта кәсіпорындардағы кадрлар саны және оған деген қажеттілік туралы

Қызметтердің кәсіптік топтары, экономикалық қызмет түрлері және өңірлер бөлінісінде бос жұмыс орындары мен кадрларға қажеттілікті анықтау үшін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы «Ірі және орта кәсіпорындардағы кадрларға қажеттілік және саны туралы есеп» статистикалық нысаны бойынша статистикалық байқауды жүргізеді.

Аталған нысан бойынша статистикалық ақпаратты жинау қаржы және сақтандыру қызметінен; мемлекеттік басқару және қорғаныстан; міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуден; өзге де қызмет түрлерін ұсынатын қызметтен; аумақтан тыс ұйымдардың және органдардың қызметінен басқа экономикалық қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыратын ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдардан жүргізіледі.

Кәсіптік топтардың тізбесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Тухникалық реттеу және метрология комитетінің 2017 жылғы 11 мамырдағы №130-од бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қызметтердің Ұлттық Сыныптауышына сәйкес анықталған.

Бос жұмыс орындар туралы мәліметтерді қалыптастыру кезінде ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызметкерлердің жұмыстан босатылуына байланысты босаған бос жұмыс орындар, және жаңадан құрылған жұмыс орындары ескерілген.

Кадрларға күтілетін қажеттілікті анықтау кезінде ағымдағы жылы кәсіпорынның қызметін кеңейту және жаңа жобаларды іске асыру үшін қажет қызметкерлердің болжамды қосымша саны есепке алынды.

Осы байқаудың нәтижелері бойынша 2021 жылғы 1 қаңтарға зерттелген кәсіпорындардағы қызметкерлердің тізімдік саны – 2 441,0 мың адамды, бос жұмыс орындар саны – 36 976 бірлікті құрады. Қызметкерлердің тізімдік санындағы бос жұмыс орындардың үлесі 1,5% құрады.

Бос орындардың басым көпшілігі «кәсіби мамандар» қызметтің кәсіпкерлік тобы бойынша белгіленді – 8 322 бірлік, бос жұмыс орындарының жалпы санынан олардың үлесі 22,5% құрады, «өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа тектес қызметтердің жұмысшылары» - 7 159 бірлікті. «Өндірістік жабдық, операторлары, құрастырушылары және жүргізушілер» кәсіптік топ бойынша бос орындар саны– 5 756 бірлікті, «қызмет көрсету және сауда саласының жұмыскерлері» – 5 559 бірлікті құрады.

Есепті кезеңге қызметкерлерге күтілетін қажеттілік 12 080 адамды, қызметкерлердің тізімдік санындағы олардың үлесі 0,5% құрады.

Ағымдағы жыл бойы едәуір көп сұраныс «кәсіби мамандар» – 2 710 адамды, «қызмет көрсету және сауда саласының жымыскерлері» , олардың тапшылығы – 2 360 адамды құрады және «өнеркәсіп,құрылыс,көлік және басқа тектес қызметтер» - 2 314 адам.

«Әкімшілендіру саласындағы қызметшілер» сұранысы аз болып табылады – 342 адам.

«Кәсіби мамандардың» білікті қызметкерлеріне басым қажеттілікке денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы (574 адам) және өнеркәсіп саласындағы (511 адам) ұйымдар тапшылық көруде.

Экономикалық қызмет түрлері және меншік нысандары бойынша бос жұмыс орындары мен қызметкерлерге күтілетін қажеттілік 

 

Есепті кезеңнің басына бос жұмыс орындар саны, бірлік

Есепті кезеңге қызметкерлерге күтілетін қажеттілік, адам

Оның ішінде

мемлекеттік меншік

жеке меншік

шетелдік меншік

Барлығы

  36 976

  12 080

  980

 9116

  1 984

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

   504

524

524

Өнеркәсіп

 11 087

3 426

45

  3 080

   301

Құрылыс

  2 129

  930

  612

318

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

3 875

2 062

 1 463

599

Көлік және қоймалау

  6 674

   483

x

437

35

Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

   504

529

   491

   38

Ақпарат және байланыс

  1 338

521

   298

   223

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын  операциялар

   320

165

x

18

85

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

   676

   609

51

   204

   354

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

  2 552

  1 378

31

 1 322

x

Білім беру

2 015

   465

   337

   124

4

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету

  4 305

  828

  343

483

2

Өнер, ойын-сауық  және демалыс

  997

   160

   100

60

 *х - Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 8-бабының 5 тармағына сәйкес «Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, респондентті тікелей немесе жанама анықтауға немесе ол туралы алғашқы статистикалық деректерді айқындауға мүмкіндік беретін статистикалық ақпарат және деректер базалары құпия болып табылады және ол респонденттің келісімі болғанда ғана таратылуы мүмкін».

Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде бос жұмыс орындарының едәуір көп саны өнеркәсіпте – 11 087 бірлік, көлік және қоймалау саласында – 6 674 бірлік, ең азы жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 320 бірлік қалыптасқан.

Өнеркәсіпте (3 426 адам), көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласындағы (2 062 адам), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында (1 378 адам), құрылыста (930 адам) кадрларға едәуір көп тапшылық белгіленді. Көрсетілген экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметкерлерге күтілетін қажеттіліктегі үлесі 64,5% құрады.

Жеке меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдарда қызметкерлерге күтілетін қажеттілік жалпы 2021 жылға – 9 116 адамды құрады, одан өнеркәсіпте – 3 080 адам, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында – 1 463 адам, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету – 1 322 адам.

Мемлекеттік меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдарда басым көп қажеттілік денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласына келеді (343 адам). Мемлекеттік меншік нысандағы кәсіпорындардың қызметкерлерге жалпы күтілетін қажеттіліктегі үлесі 35,0% құрады.

2021 жылғы 1 қаңтарға өңірлер бөлінісінде бос жұмыс орындарының басым көп саны келесі өңірлерде қалыптасты: Нұр-Сұлтан қаласында – 7 191 бірлік, Алматы қаласында – 6 241 бірлік, Қарағанды облысында – 3 090 бірлік. Нұр-Сұлтан қаласында бос жұмыс орындарының көбі денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында (1 483 бірлік), Алматы қаласында - көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында (1 866 бірлік ), Қарағанды облысында өнеркәсіп саласында (1 097 бірлік) қалыптасты.

Өңірлер бойынша қызметкерлерге қажеттіліктің басым көпшілігі Алматы қаласында белгіленді – 3 781 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 3 576 адам, Атырау облысында – 1 149 адамды құрады. Нұр-Сұлтан қаласында көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында (909 адам) және әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету (465 адам); Алматы қаласы бойынша өнеркәсіпте (833 адам) және көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында (631 адам, Атырау облысы бойынша өнеркәсіпте (595 адам), құрылыс саласындағы қызметте (345 адам) кәсіпорындар мен ұйымдар кадрларға тапшылық көруде.

Зерттелген ірі және орта кәсіпорындардағы бос орындардың ең аз саны келесі өңірлерде белгіленді: Қызылорда обласында – (374 адам), Түркістан облысында – (476 адам) және Жамбыл облысында – (497 адам), қызметкерлердегі ең аз қажеттілік Ақтөбе облысында – (29 адам), Павлодар облысында – (31 адам) және Шығыс-Қазақстан облысында – (109 адам) құрды.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы / Еңбек және жұмыспен қамту

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Андас Е.К. Белоносова Н.Е. Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749781 Тел. +7 (7172) 749022 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы