2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда тіркелген жұқпалы аурулардың арасында ең көп таралғаны: желшешек – 17,5 мың. жағдай, жіті ішек инфекциялары – 7,0, тыныс алу мүшелері туберкулезі – 5,8, дерматомикоздар – 5,0, функционалдық диарея – 4,7, созылмалы вирусты гепатиттер, алғаш анықталғандардың және энтеробиоз - 3,8-ден, (АИТВ) тудырған ауру және қызылша - 3,3-тен, тұмау – 2,7, мерез – 2,4 және скарлатина – 2,2. Желшешек ауруы 41,9%-ға және қызылша - 24,5% - ға төмендеді.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғарғы тыныс алу жолдарының жіті жұқпаларымен тіркелген аурулардың саны 13,2%-ға артты (539,2 мың жағдайға қарсы 610,5). Сырқаттанушылықтың едәуір бөлігі қалалық жерлерде тіркелген-82,6%. 0-ден 14 жасқа дейінгі балалар арасында сырқаттанушылық тіркелген жағдайлардың 51,9%-ын, 15-тен 17 жасқа дейінгі балалар арасында 4,1%-ды құрады.
100 000 халыққа шаққанда жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың ең жоғары көрсеткіштері Қызылорда облысында (89,4) және Нұр-Сұлтан қаласында (87,8), тыныс алу мүшелері туберкулезі - Атырау (50,1), Қызылорда (41,9), Маңғыстау (41,3) және Қостанай (40,6) облыстарында тіркелген.
* Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының деректері бойынша.
| Орындаушы: | Департамент директорының м.а.: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Икамбаева А. Р. | Ханжігітов Н.Е. | Алданғарқызы Ә. | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 74 92 56 | Тел. +7 (7172) 74 90 61 | Тел. +7 (7172) 74 90 02 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы