Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы лайықты еңбек көрсеткіштерін Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі - ХЕҰ) әдіснамасына сәйкес лайықты еңбекті статистикалық өлшеу шеңберінде жыл сайынғы негізде қалыптастырады. ХЕҰ «лайықты еңбек» ұғымын «ерлер мен әйелдер үшін еркіндік, теңдік, әлеуметтік кепілдіктер мен адамның қадір-қасиетін құрметтеу жағдайында лайықты және нәтижелі жұмыс жасау үшін мүмкіндіктер құру» міндеті ретінде анықтайды.
Қазақстан Республикасында лайықты еңбек көрсеткіштерінің жүйесі 2001 жылдан бастап қалыптастырылады. Сонымен қатар, COVID-19 пандемиясы 2020 жылғы лайықты жұмыс көрсеткіштеріне әсерін тигізді.2020 жылдың үшінші тоқсанында жұмыспен қамтуды іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 8,7 миллион адам жұмыспен қамтылды. Ерлер жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбін құрады - 51,8% (4,5 млн адам), әйелдер - 48,2% (4,2 млн адам). Жалдамалы жұмысшылар саны 6,7 млн адамды немесе экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,4% құрады. Жұмыспен қамтылған тұрғындар арасында өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлер саны 2,1 млн немесе 23,6% құрады. 2020 жылдың III тоқсанында жалпы жұмыспен қамту деңгейі 15 жас және одан жоғары жастағы халықтың 65,8% құрады (2019 ж. - 66,8%), ерлер арасында - 72%, әйелдер - 60,2%.Респонденттердің 17,2% аптасына 40 сағаттан артық жұмыс істеді (2019 ж. - 19,7%), оның жартысынан көбі (67,3%) - жұмыс беруші белгілейтін талаптарға байланысты, 18,0% - жоғары табыс табу мақсатында, 10,0% - өндірістік қажеттілікке байланысты.Жалдамалы жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының ішінен 80,1% респонденттер жұмыстан шығарған кезде олардың еңбек заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен өтемақылар алуға құқығы бар екенін, ал 43,1% кәсіподақ мүшелері екенін атап өтті.
Жұмыспен қамтылған халықтың арасында кәсіби оқудан 398,2 мың адам (4,5%) өткен, олардан 324,5 мың адам (81,5%) үшін оқу жұмыс берушінің, басқа ұйымдардың қаражаты есебінен төленген.
Жұмыспен қамтылған халықтың ішінен 11,5% респонденттер қолайсыз немесе қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндіктерін белгілеген (2019 жылы – 12,2%), олардан 10,9% – қолайсыз температуралық режимде жұмыс істейді, 11,8% – қауіпті механизмдермен жұмыс істейді, 19,5% – далада жұмыс істейді, 20,2% – жүйке жүйесіне жоғары жүктеме сезінеді, 31,4% - ауыр жұмыста жұмыс істейтіндерін көрсетті.
Жалдамалы қызметкерлердің қырық пайызына жуығы (41,6%) жұмыс орнына дейін қоғамдық көлікпен, 22,4% - жаяу, 25% - жеке көлікпен жететінін белгілеген.
Жұмыс істейтін әйелдердің жалпы санының -14,3% (2019 жылы – 15,3%) отбасылық міндеттер мен еңбек қызметін қоса атқару күрделі екенін белгілеген.
* 2020 жылғы III тоқсандағы халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу деректері.
Лайықты еңбек индикаторларының жүйесі Ұлттық статистикабюросының ресми сайтында www.stat.gov.kz> Ресми статистика / салалар бойынша / еңбек және жұмыспен қамту статистикасы / Лайықты еңбек көрсеткіштері кестесінде орналастырылған.
Осы статистикалық байқаудың нәтижелерімен танысу және толық зерттеу үшін «Қазақстан Республикасында лайықты еңбек өлшемінің статистикалық көрсеткіштері» бюллетенінің электронды нұсқасы www.stat.gov.kz сайтында «Ресми статистика», «Еңбек және жұмыспен қамту» бөлімінде орналастырылған.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы
| Орындаушы: | Департамент директоры: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Ә. Ж.Кәрібаева | Н.Е.Белоносова | Алданғарқызы Ә. | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 74 96 88 | Тел. +7 (7172) 74 90 22 | Тел. +7 (7172) 74 90 02 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы