2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда 763 802 жеңіл автомобиль тіркелген

2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда 763 802 жеңіл автомобиль тіркелген

2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Республикасында 763802 жеңіл автомобиль тіркелген, 2019 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 12,3%-ға кем. Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3870,3 мың бірлікті құрады.1)

Ағымдағы жылғы қаңтар-желтоқсанда 13515 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 19841 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 18,7%-ға кеміді.2)

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 29,3 млрд. теңге сомасында 69386 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.3)

11022021-1кз

1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.

2)Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша.

3)Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі деректері бойынша.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Көлік статистикасы

Орындаушы: Департамент Директорының м.а: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
А. Абильдаев М. Мисюра Алданғарқызы Ә. 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 74 93 15 Тел. +7 (7172) 74 91 40 Тел. +7 (7172) 74 90 02 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы