2020/2021 оқу жылының басына Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру туралы

2020/2021 оқу жылының басына Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру туралы

2020/2021 оқу жылының басында Қазақстан Республикасында 737 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін дербес ұйымдар,сонымен қатар 37дербес емес оқу орындары жұмыс істеді. 57,5% немесе 424 оқу орны мемлекеттік болып табылады, оларда 269,9 мың адам оқиды.

07022021-1kz

07022021-2kz

2020/2021 оқу жылының басына қабылданғаноқитындар164644 адамды құрады.

Анағұрлым талап етілетін мамандықтар бойынша:

-медицина, фармацевтика – 32 296адам;

- қызметкөрсету, экономика жəнебасқару – 23 732адам;

- білім беру – 22 373адам;

-өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салаларбойынша). Көліктіпайдалану – 19626адам;

- байланыс, телекоммуникация жəнеақпараттықтехнологиялар. Электрондық техника – 16 031адам;

-логия – 11750адам;

- басқа да мамандықтарбойынша – 38836адам.

    

 

Мемлекеттік тілде оқитындардың үлесі 58,3%, орыс тілінде 41,4%және ағылшын тілінде 0,3%құрады.

2020 жылы оқуды бітірушілердің саны 146,1 мың адамды құрады, оның ішінде 86,7 мың адам немесе 59,3% жұмысқа орналасқан және 19,4 мың адам немесе 13,3% оқуын жоғары оқу орындарында және колледждерде жалғастырған.

Республиканың техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарында 36,6 мың оқытушы мен 5,8 мың өндірістік оқыту шеберлері жұмыспен қамтылған, оның ішінде 28,4% оқытушыда және 11,6%өндірістік оқыту шеберлерінде жоғары санаты бар.

 

Орындаушы: Басқарма басшысы: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Токешова Д.М. Ханжігітов Н.Е. Алданғарқызы Ә. 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 74 92 58 Тел. +7 (7172) 74 90 61 Тел. +7 (7172) 74 90 02 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы