
2020/2021 оқу жылының басына Қазақстан Республикасында 129 жоғары оқу орны (бұдан әрі – ЖОО) филиалдарын қоса алғанда жұмыс істейді. Меншік нысаны бойынша 33 ЖОО мемлекеттік болып табылады, жеке – 92 ЖОО және шетелдік меншік нысанымен – 4 ЖОО бар.
Жалпы студенттер саны 576557 адамды құрайды, олардың ішінен қыздардың саны 306799 адам немесе 53,2%. Ағымдағы оқу жылында студенттердің саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 4,6% төмендеді.
Ағымдағы оқу жылында 152789 адам қабылданды, әр түрлі себептер бойынша оқыту мерзімі аяқталғанға дейін кеткен студенттер – 115186 адам, бітіргендер – 153627 адамды құрады.
Студенттердің жалпы санынан 83% оқытудың күндізгі оқу нысаны бойынша оқиды, 7,6% – қашықтықтан, 7,3% – сырттай және 2% – кешкі. Мемлекеттік білім беру гранттарының есебінен 196084 адам білім алуда, бұл студенттердің жалпы санының 34% құрайды, ақылы негізде – 380473 адам немесе 66% оқиды.
Мемлекеттік тілде оқитын студенттердің үлесі 64,9%, орыс тілінде 29,6% және ағылшын тілінде 5,5% құрады.
Бітірген білікті мамандар 153627 адамды құрады, бұл 2019/2020 оқу жылымен салыстырғанда 8% (142435 адам) артты.
Штаттағы профессорлық-оқытушылық құрамның саны 36307 адамды құрайды, соның ішінде қоса атқарушылықпен 6137 оқытушы жұмыс істейді. Жалпы профессорлық-оқытушылық құрамнан 8,1% қызметкерлердің ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар, ғылым кандидаты – 31,7%, профессор атағы – 6,3% және доцент – 14,7%. Магистр академиялық дәрежесі бар оқытушылардың саны – 13067 адам немесе 36%, философия докторы (PhD) және бейін бойынша доктор – 3079 адам немесе 8,5%.
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Токешова Д.М. | Ханжігітов Н.Е. | Алданғарқызы Ә. | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 74 92 58 | Тел. +7 (7172) 74 90 61 | Тел. +7 (7172) 74 90 02 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы