2020 жылғы ІV тоқсандағы жалақы*

2020 жылғы ІV тоқсандағы жалақы*

2020 жылғы ІV тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 233 136 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2019 жылғы тиісті тоқсанына 114,3%, ал нақты жалақы индексі 106,5% құрады.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 472,2 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,0 есе жоғары), қаржы және сақтандыру қызметінде – 422,6 мың теңге
(1,8 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 379,9 мың теңге (1,6 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 318,6 мың теңге (1,4 есеге сәйкес). Ең төменгі атаулы жалақы сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша - 145,7 мың теңге және ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде – 147,7 мың теңге белгіленді.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы орташа айлық жалақы Атырау облысында – 377,4 мың теңге белгіленді, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,6 есе жоғары. Түркістан облысында оның көлемі - 166,7 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 28,5%-ға төмен.

29012021-1kz

Ескерту.Халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар ен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.

*Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Саметова А.К. Белоносова Н.Е. Алданғарқызы Ә. 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 74 95 54 Тел. +7 (7172) 74 90 22 Тел. +7 (7172) 74 90 02 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы