Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 97,6% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 12322,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылға қарағанда 3,4% кем.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 26743,4 млрд. теңгені құрды, бұл 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 0,7% кем. Төмендеу келесі салаларда тіркелген: кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда (3,7%), сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, өндіріс ластануын жою бойынша қызметте (2,6%), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда өңдеу өнеркәсібінде (0,3%). Бұл кезде өңдеу өнеркәсібінде өсім (3,9%) байқалады.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 6271 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылға қарағанда 5,6% артық.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 4919,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылға қарағанда 11,2% артық.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 82,8% құрады.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда жүк айналымының көлемі 588,7 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 3,4% кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 108,3 млрд. ж-км құрап, 63,3% кеміді.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Байланыс статистикасы» саласы бойынша нақты көлемі индексі 108,6% құрады.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсандағы «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 92,7% құрады.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсандағы бөлшек сауда көлемі 11571,6 млрд. теңгені немесе 2019 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 95,9% құрады (салыстырмалы бағада).
2020 жылғы қаңтар-желтоқсандағы көтерме сауда көлемі 23987,8 млрд. теңгені немесе 2019 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 92,6% құрады (салыстырмалы бағада).
2020 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 77743 млн. АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 12,9% азайды, соның ішінде экспорт – 43356 млн. АҚШ долларын (18,2% аз), импорт – 34387 млн. АҚШ долларын құрады (5% аз).
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 461983 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 453343 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 330312 құрады, оның ішінде 321936 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2020 жылғы желтоқсанда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 107,5% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 11,3%, азық-түлік емес тауарларға – 5,5%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 4,2% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2020 жылғы желтоқсанда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4,2% төмендеді.
Әлеуметтік сектор
2020 жылғы қарашада халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 113433 теңгені (алдын ала деректер) құрады, бұл 2019 жылғы қарашаға қарағанда 2,1% төмен, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 4,8% төмендеді.
2020 жылғы желтоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 220848 теңгені құрады.
ХЕҰ әдістемесі бойынша анықталған жұмыссыздар саны 2020 жылғы III тоқсанда 454,8 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 5% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2020 жылғы желтоқсанның соңына 141,8 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,5%.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Жарияланымдар / Айлық басылымдар / Қазақстан Республикасы Әлеуметтік-экономикалық дамуы
| Орындаушы: | Департамент директорының міндетін атқарушы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Г.Ғ. Айбасова | Ф.М. Қалиев | Алданғарқызы Ә. | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 74 95 51 | Тел. +7 (7172) 74 90 95 | Тел. +7 (7172) 74 90 02 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы