
Ағымдағы жылғы он бір айда (2020 жылғы қараша 2019 жылғы желтоқсанға) экспортталатын тауарларға баға 11,9% төмендеді, импортталатындарға 4,6% жоғарылады.
Сыртқы сауда бағасының өзгеруі
пайызбен, өсуі+, төмендеуі-
|
|
2020 жылғы қараша |
2020 жылғы қаңтар-қараша |
|||
|
2020 жылғы қазанға |
2019 жылғы желтоқсанға |
2019 жылғы қаарашаға |
2015 жылғы желтоқсанға |
||
|
Экспорт – барлығы |
-0,4 |
-11,9 |
-11,3 |
30,7 |
-14,6 |
|
Шикізат |
-1,2 |
-23,1 |
-21,9 |
20,2 |
-22,3 |
|
Жартылай дайын өнімдер |
0,9 |
16,8 |
15,5 |
56,0 |
2,7 |
|
Дайын өнімдер |
0,9 |
4,8 |
5,0 |
49,2 |
7,5 |
|
Импорт – барлығы |
0,4 |
4,6 |
5,0 |
49,3 |
4,0 |
|
Шикізат |
0,5 |
9,9 |
12,0 |
65,0 |
2,2 |
|
Жартылай дайын өнімдер |
0,3 |
0,8 |
1,2 |
48,8 |
0,6 |
|
Дайын өнімдер |
0,5 |
4,9 |
5,1 |
47,8 |
4,9 |
2020 жылғы қарашада өткен аймен салыстырғанда экспорттық жеткізілімдер бағасы темір кендеріне – 9,7%, қорғасынға – 5,6%, мұнайға 2,9% төмендеді, қара металл илегіне – 6,5%, мыс кендеріне – 5,3%, ферроқорытпаларға – 2%, мырышқа 0,2%жоғарылады. Бағаның бидайға 0,2% төмендеуі, олардың жармаларға – 12,9%, жүнге – 3,1%, күрішке – 1,2%, ұнға 0,6% жоғарылауы тіркелді.
Импортталатын өнімдерден өсімдік майы – 12,3%, қант – 2,8%, күріш – 2,2%, жемістер мен жаңғақтар 1,8% қымбаттады, құс еті – 8,3%, темекі – 4,6%, көкөністер – 3,3%,кофе – 1,2%, шай 0,2% арзандады. Баға сүрекке – 1,7%, машиналар, жабдықтар және көлiк құралдарына – 1%, аяқкиімге 0,5% жоғарылады, қағазға – 2,3%, былғары шикізатына – 1,1%, құрылыс материалдарына – 0,6%, текстиль өнімдеріне 0,4% төмендеді.
Баға индекстерін есептеу үшін экспорттаушы, импорттаушы кәсіпорындардың іріктемелі тобы және іріктелген өнім түрлері бойынша бағаны жалпымемлекеттік статистикалық байқауы (1-Ц (экспорт, импорт) нысаны), Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы (1-ТС нысаны) туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының алғашқы статистикалық деректері және Кеден статистикасы деректері пайдаланылады. Баға индекстерін агрегаттауға қолданылатын салмақтау сызбасы теңгемен көрсетілген белгілі бір жылдың сыртқы сауда айналымы құнының деректері бойынша есептеледі.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы
| Орындаушы: | Директордың міндетін атқарушы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| М. Жарекеева | Т. Демешева | Алданғарқызы Ә. | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 74 95 19 | Тел. +7 (7172) 74 90 57 | Тел. +7 (7172) 74 90 02 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы