2020 жылда(2020 жылғы желтоқсан 2019 жылғы желтоқсанға) баға азық-түлік тауарларына–11,3%, азық-түлік емес тауарларына–5,5%,ақылы қызметтерге 4,2% жоғарылады.
пайызбен, өсуі
|
2020 жылғыжелтоқсан |
2020 жылғы қаңтар-желтоқсан 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанға |
|||
|
2020 жылғы қарашаға |
2019 жылғы |
2015 жылғы желтоқсанға |
||
|
Тауарлар мен қызметтер |
0,9 |
7,5 |
38,5 |
6,8 |
|
Азық-түлік тауарлары |
1,5 |
11,3 |
49,7 |
10,4 |
|
Азық-түлік емес тауарлар |
0,5 |
5,5 |
40,6 |
5,5 |
|
Ақылы қызметтер |
0,4 |
4,2 |
23,2 |
3,3 |
Өткен жылда бағаның өсуіқұмшекерге – 33,9%, күнбағыс майына – 33,7%, жармаларға – 28,7%, жұмыртқаға – 20%, картопқа – 16,8%, ұнға – 16,3%, жаңа жиналған көкөністерге, қой етіне– 15,4%-дан, жаңа жиналған жемістерге – 14,9%, макарон өнімдеріне – 14,7%, сары майға – 13,6%, жылқы етіне – 11,9%, мәйекті ірімшікке – 11,4%, шайға – 11,2%, мұздатылған балыққа – 10,1%, сиыр етіне – 10%, сүтке – 9,7%,шошқа етіне – 8%, нанға 5,9%белгіленді.Темекі өнімдері – 14,9%, минералды және ас суы – 10,4%, алкогольді сусындар 7,8%қымбаттады. Бағаның төмендеуітауықтың сирағына – 5,7%,сөкке – 2,6%,күрішке1,7%тіркелді.
Баға өсіміалтыннан жасалған зергерлік бұйымдарға– 13%,жуғыш және тазалағыш құралдарға – 10,2%, дәрі-дәрмекке – 9,9%, жеке қолданылатын тауарларға – 9,4%, тұрмыстық аспаптарға – 8%, автомобильдерге – 7,3%, ноутбуктерге – 6,7%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 6,6%, ыдыс-аяққа – 6,1%, киім және аяқ киімге 4,8%құрады.Тас көмір – 3,5%, бензин 2,5% қымбаттады, ал дизель отыны 6,6% арзандады.
Баға деңгейі құқықтық қызметтерге, жеке көлік құралдарын сақтандыру – 10%-дан, кинотеатрлар қызметтеріне – 8,1%, шаштараздар мен сұлулық салондар қызметтеріне – 7,2%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 6,9%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 6,3%, моншаға бару – 5,7%, жерлеу қызметтеріне 5,6%өсті.Таксимен жол жүру ақысы – 6,8%, жолаушылардың теміржол көлігімен 4,2% қымбаттады, ал әуе көлігімен 6,2%арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтерқоқыс шығаруға – 20,5%, электр энергиясына – 6,5%, суық суға – 1%, ыстық суға 0,7%өсті, ал орталықтын жылытуға – 2%,кәрізге1,4% төмендеді.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.
2020 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі –39,0%, азық–түлік емес тауарлар – 28,9%, ақылы қызметтер 32,1% құрады.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Рашидов А.Р. | Т. Демешева | Алданғарқызы Ә. | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 74 95 36 | Тел. +7 (7172) 74 90 57 | Тел. +7 (7172) 74 90 02 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы