Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2020 жылғы қаңтар-қарашада 2019 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 97,4% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2020 жылғы қаңтар-қарашада негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 10603,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 3,9% кем.
2020 жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 23886,5 млрд. теңгені құрды, бұл 2019 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 0,8% кем. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 3,4% азайды, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 3,3% артты.Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда өндіріс 0,2%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 3,3% кеміді.
2020 жылғы қаңтар-қарашада ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 5925,3 млрд. теңгені құрап, 2019 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 5,3% артты.
2020 жылғы қаңтар-қарашада құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 4182,8млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 12,1% артық.
2020 жылғы қаңтар-қарашада«Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 82,9% құрады.
2020 жылғы қаңтар-қарашадажүк айналымының көлемі 533,5млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2019 жылғы қаңтар-қарашаменсалыстырғанда 3,9% кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 102,5млрд. ж-км құрап, 62% кеміді.
2020 жылғы қаңтар-қарашадағы«Байланыс статистикасы» саласы бойынша нақты көлемі индексі 108,4% құрады.
2020 жылғы қаңтар-қарашадағы «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 91,3%-ды құрады.
2020 жылғы қаңтар-қарашадағы бөлшек сауда көлемі 10101,8 млрд. теңгені немесе 2019 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 95% құрады (салыстырмалы бағада).
2020 жылғы қаңтар-қарашадағы көтерме сауда көлемі 21015,1млрд. теңгені немесе 2019 жылғытиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 90,8% құрады (салыстырмалы бағада).
2020 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы70476,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 13,2% азайды, оның ішінде экспорт – 39219,1 млн. АҚШ долларын (18,6% аз), импорт – 31257,3 млн. АҚШ долларын құрады (5,2% аз).
2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 462078бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,4% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 453502 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 326051құрады, оның ішінде 317751бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтынубағасыныңиндексі 2020 жылғы қарашада 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 106,5% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 9,6%, азық-түлікеместауарларға – 5,1%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 3,8% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2020 жылғы қарашада 2019 жылғыжелтоқсанменсалыстырғанда6,5%төмендеді.
Әлеуметтік сектор
2020 жылғы қазанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 109177 теңгені (алдын ала деректер) құрады, бұл 2019 жылғы қазанға қарағанда 1,8% төмен, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 8,3% төмендеді.
2020 жылғы қарашада бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 211033 теңгені құрады.
ХЕҰ әдістемесі бойынша анықталған жұмыссыздар саны 2020 жылғы III тоқсанда 454,8 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 5% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2020 жылғы қарашаның соңына 207 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,3%.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Жарияланымдар / Айлық басылымдар /Қазақстан Республикасы Әлеуметтік-экономикалық дамуы
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Г.Ғ. Айбасова | Б.Ә. Тұрмағанбет | Алданғарқызы Ә. | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 74 95 51 | Тел. +7 (7172) 74 90 77 | Тел. +7 (7172) 74 90 02 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы