Қазақстан Республикасындағы халықтың 2020 жылғы III тоқсандағы табыстары мен шығыстарының саралануы туралы*

Қазақстан Республикасындағы халықтың 2020 жылғы III тоқсандағы табыстары мен шығыстарының саралануы туралы*

Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлікдеңгейі), 2020 жылғы III тоқсанда 5,7%-ды құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,2 пайыздық тармаққа жоғары.

2020 жылғы III тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Түркістан (11,2%), Солтүстік Қазақстан (8,3%), Жамбыл (7,2%) және Қызылорда (7%) облыстарында байқалды, ал ең төмені –Нұр-Сұлтан қаласында (2%) тіркелді.

14122020-2kz

Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары табыстар сияқты айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен, 2020 жылғы III тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстар деңгейіндегі10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 5 есені, азық-түлік емес тауарларға – 6,8 есені, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 6,3 есені құрады.

14122020-3kz

*2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы өзгерді. Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесі ең төменгі азық-түлік себеті құнының 45%-ы мөлшерінде белгіленді (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі №296 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы №354 бірлескен бұйрығы).

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Тұрмыс деңгейі статистикасы

Орындаушы: Басқарма басшысы: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Мақшаева А. Белоносова Н.Е. Алданғарқызы Ә. 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 74 92 62 Тел. +7 (7172) 74 90 22 Тел. +7 (7172) 74 90 02 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы