Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2020 жылғы қаңтар-қазанда 2019 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 97,2% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2020 жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9410,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 4,7% кем.
2020 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 21437 млрд. теңгені құрды, бұл 2019 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 0,6% кем. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 3,2%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 0,9% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі – 3,1%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда - 3,6% кеміді.
2020 жылғы қаңтар-қазанда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 5395,1 млрд. теңгені құрап, 2019 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 5,2% артты.
2020 жылғы қаңтар-қазанда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 3688,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 10,7% артық.
2020 жылғы қаңтар-қазандағы«Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 82,7% құрады.
2020 жылғы қаңтар-қазанда жүк айналымының көлемі 480 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2019 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 4,1%-ға кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 96,9 млрд. ж-км құрап, 60,4%-ға кеміді.
2020 жылғы қаңтар-қазандағы«Байланыс статистикасы» саласы бойынша нақты көлемі индексі 108,2% құрады.
2020 жылғы қаңтар-қазандағы «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 90,6%-ды құрады.
2020 жылғы қаңтар-қазандағы бөлшек сауда көлемі 9067,7 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 94,3% құрады (салыстырмалы бағада).
2020 жылғы қаңтар-қазандағы көтерме сауда көлемі 18644,8 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 90,5% құрады (салыстырмалы бағада).
2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 62825,9 млн. АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 12,9% азайды, соның ішінде экспорт – 35328,5 млн. АҚШ долларын (18% аз), импорт – 27497,4 млн. АҚШ долларын құрады (5,1% аз).
2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 461058 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,4% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 452400 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 324678 құрады, оның ішінде 316307 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасыны индексі 2020 жылғы қазанда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,5% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 8,3%, азық-түлік емес тауарларға – 4,5%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 3% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2020 жылғы қазанда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 6,7%төмендеді.
Әлеуметтік сектор
2020 жылғы қыркүйектегі халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 109981 теңгені (алдын ала деректер) құрады, бұл 2019 жылғы қыркүйекке қарағанда 4,7% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2,1%-ке төмендеді.
2020 жылғы қазанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 209818 теңгені құрады.
ХЕҰ әдістемесі бойынша анықталған жұмыссыздар саны 2020 жылғы III тоқсанда 454,8 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 5% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2020 жылғы қазанның соңына 222,4 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,4%.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Жарияланымдар / Айлық басылымдар /Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуы
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| А.М. Төлеутаева | Б.Ә. Тұрмағанбет | Алданғарқызы Ә. | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 74 95 09 | Тел. +7 (7172) 74 90 77 | Тел. +7 (7172) 74 90 02 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |