Ағымдағы жылғы тоғыз айда (2020 жылғы қыркүйек 2019 жылғы желтоқсанға) экспортталатын тауарларға баға 8,6% төмендеді, импортталатындарға 3,3% жоғарылады.
Сыртқы сауда бағасының өзгеруі
пайызбен, өсуі+, төмендеуі-
|
|
2020 жылғы қыркүйек |
2020 жылғы қаңтар-қыркүйек |
|||
|
2020 жылғы тамызға |
2019 жылғы желтоқсанға |
2019 жылғы қыркүйекке |
2015 жылғы желтоқсанға |
||
|
Экспорт – барлығы |
3,4 |
-8,6 |
-8,0 |
35,7 |
-15,1 |
|
Шикізат |
3,3 |
-17,5 |
-16,4 |
28,9 |
-22,3 |
|
Жартылай дайын өнімдер |
4,3 |
14,9 |
12,8 |
53,5 |
0,1 |
|
Дайын өнімдер |
0,9 |
3,2 |
6,5 |
46,9 |
8,1 |
|
Импорт – барлығы |
1,1 |
3,3 |
4,0 |
47,4 |
3,8 |
|
Шикізат |
4,6 |
2,4 |
4,4 |
53,8 |
0,2 |
|
Жартылай дайын өнімдер |
2,1 |
1,4 |
1,3 |
49,7 |
0,6 |
|
Дайын өнімдер |
0,5 |
3,8 |
4,6 |
46,2 |
5,0 |
2020 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда экспорттық жеткізілімдер бағасы мырышқа – 13,4%, қорғасынға – 8,9%, қара және түсті металл кендеріне – 8,5%, мысқа – 6,4%, мұнайға – 3,1%, ферроқорытпаларға 1,6% жоғарылады, көмірге 6,3% төмендеді. Бағаның жармаларға – 15,3%, бидайға 0,4% жоғарылауы, олардың күрішке – 2,1%, жүнге – 0,4%, арпаға 0,1% төмендеуі тіркелді.
Импортталатын өнімдерден көкөністер – 8,8%, жемістер мен жаңғақтар – 6,6%, өсімдік майы – 6,2%, қант – 5,4%, кофе – 1,7%, шай – 1,4%, құс еті 0,7% қымбаттады, какао – 7,7%, темекі – 5,8%, күріш 4,7% арзандады. Баға аяқкиімге – 5,8%, қағазға – 3,7%, текстиль өнімдеріне – 2,1%, сүрекке – 1,4%, фармацевтикалық өнімдерге – 0,7%, машиналар, жабдықтар және көлiк құралдарына 0,2% жоғарылады, былғары шикізатына – 1%, құрылыс материалдарына 0,5% төмендеді.
Баға индекстерін есептеу үшін экспорттаушы, импорттаушы кәсіпорындардың іріктемелі тобы және іріктелген өнім түрлері бойынша бағаны жалпымемлекеттік статистикалық байқауы (1-Ц (экспорт, импорт) нысаны), Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы (1-ТС нысаны) туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының алғашқы статистикалық деректері және Кеден статистикасы деректері пайдаланылады. Баға индекстерін агрегаттауға қолданылатын салмақтау сызбасы теңгемен көрсетілген белгілі бір жылдың сыртқы сауда айналымы құнының деректері бойынша есептеледі.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| М. Жарекеева | Т. Демешева | Алданғарқызы Ә. | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 74 95 19 | Тел. +7 (7172) 74 90 57 | Тел. +7 (7172) 74 90 02 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |