Қазақстан Республикасындағы инфляция

Қазақстан Республикасындағы инфляция

2020 жылғы он айда баға азық-түлік тауарларына–8,3%, азық-түлік емес тауарларына–4,5%, ақылы қызметтерге 3% жоғарылады.

пайызбен, өсуі

 

2020 жылғы қазан

2020 жылғы қаңтар-қазан 2019 жылғы қаңтар-қазанға

2020жылғы

қыркүйекке

2019 жылғы
желтоқсанға

2019 жылғы қазанға

2015 жылғы

желтоқсанға

Тауарлар мен қызметтер

0,6

5,5

7,1

36,1

6,7

Азық-түлік тауарлары

0,8

8,3

10,7

45,7

10,3

Азық-түлік емес тауарлар

0,6

4,5

5,6

39,2

5,4

Ақылы қызметтер

0,4

3,0

3,7

21,7

3,1

Қазанда (2020 жылғы қыркүйекке) бағаның өсуіжұмыртқаға – 10,3%, құмшекерге – 7,3%, күнбағыс майына – 6,3%, жаңа жиналған көкөністерге– 2,8%, картопқа – 2,1%, сүтке – 1,4%, шайға – 1%, қой етіне – 0,9%, ұнға, сары майға – 0,8%, макарон өнімдеріне, жылқы етіне – 0,7%-дан, нанға – 0,6%белгіленді. Темекі өнімдері – 1,8%, салқындатылған сусындар 0,6%қымбаттады. Бағаның төмендеуіжаңа жиналған жемістерге – 3,9%, тауықтың сирағына 1,1% тіркелді.

Баға өсімікеңсе тауарларға, дәрі-дәрмекке – 0,8%, жуғыш және тазалағыш құралдарға, автомобильдерге – 0,7%, тоқыма бұйымдарына, киім және аяқ киімге, жиһаз және үйге қажетті заттарға 0,6%-данқұрады.Тас көмір1,4% қымбаттады.

Баға деңгейі моншаға бару – 0,8%, спорттық кешендер қызметтеріне – 0,7%, стоматологиялық қызметтеріне – 0,6%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 0,5% өсті.Әуе көлігімен жол жүру ақысы 2,4% арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтерқоқыс шығару – 6,7%, суық суға – 2,5%, кәрізге – 2%, электр энергиясына – 0,7%, ыстық суға 0,3% өсті.

02112020-1kz

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2020 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі –39,0%, азық–түлік емес тауарлар – 28,9%, ақылы қызметтер 32,1% құрады.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы

Орындаушы: Басқарма басшысы: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Рашидов А.Р. Т. Демешева Алданғарқызы Ә. 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 74 95 36 Тел. +7 (7172) 74 90 57 Тел. +7 (7172) 74 90 02 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldаngarkyzy@economy.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті