2020 жылғы ІІI тоқсандағы жалақы*

2020 жылғы ІІI тоқсандағы жалақы*

2020 жылғы ІІI тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 204330 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 106,9%, ал нақты жалақы индексі 99,9% құрады.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 448,5 мың теңге(орташа республикалық деңгейден 2,2 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде – 381 мың теңге (1,9 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 314,8 мың теңге (1,5 есеге асты),ақпарат және байланыс саласында – 276,1 мың теңге (1,4 есеге асты), көлік және жинақтау саласында – 249,9 мың теңге (1,2 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде белгіленді – 142,6 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 30,2 %-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 350,8 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есеге асады. Түркістан облысында мұның шамасы 148,6 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 27,3%-ға төмен.

30102020-1kz

Ескерту.Халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар ен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.

*Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы

Орындаушы: Басқарма басшысы: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Ахметқали Г.А. Белоносова Н.Е. Алданғарқызы Ә. 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 74 95 54 Тел. +7 (7172) 74 90 22 Тел. +7 (7172) 74 90 02 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldаngarkyzy@economy.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті