ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросында Қазақстанның ұлттық статистикасының құрылғанына 105 жыл толуына орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Жоғары кәсібилігі, құзыреттілігі мен мемлекеттік статистиканы дамытуға белсенді қатысқаны үшін берілген марапатты Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев табыс етті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды:
Жорабек Дәуренов – Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы;
Ерназар Құлтаев – Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы;
Инга Шевцова – Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша басшысының орынбасары.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар:
Гүлмира Бексаутова – Ұлттық статистика бюросының департамент директоры;
Айжан Қараева – Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департамент басшысының орынбасары;
Ирина Прищепа – Ұлттық статистика бюросының «Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК бас талдаушысы;
Эльмира Рахимова - Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаменті басқармасының басшысы;
Ұлжан Рысбаева – Ұлттық статистика бюросының бас сарапшысы;
Мәншүк Сембаева – Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы;
Елена Ткаченко – Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департамент басшысының орынбасары;
Лариса Эм – Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы.
Алтынай Әмірова - Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басқарма басшысы.
Біз еліміздің статистикалық жүйесінің дамуына үлес қосқан барлық әріптестерімізді алғаны марапатымен құттықтаймыз.