Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2019 жылғы қаңтар-қырқүйекке қарағанда 97,5% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 8291,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 4,9% кем.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 19087,3 млрд. теңгені құрды. Өнеркәсіп өндірісі индексі 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 100% деңгейінде қалыптасты. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 3,3%, электрмен жабдықтау, газ, бу, ыстық су беру және ауа баптауда – 1,6% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі - 2,2%, сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте өндіріс көлемі 2,8% кеміді.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 4417,9 млрд. теңгені құрап, 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 5% артты.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 3233,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 10,5% артық.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 82,9% құрады.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте жүк айналымының көлемі 426,9 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 4%-ға кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 91 млрд. ж-км құрап, 58,5%-ға кеміді.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте «Байланыс статистикасы» саласы бойынша нақты көлемі индексі 108,2% құрады.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 90,5%-ды құрады.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі бөлшек сауда көлемі 8014,8 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 93,2% құрады (салыстырмалы бағада).
2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі көтерме сауда көлемі 16396,9 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 90,6% құрады (салыстырмалы бағада).
2020 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 55629,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 12% азайды, соның ішінде экспорт – 31853,6 млн. АҚШ долларын (15,7% аз), импорт – 23775,9 млн. АҚШ долларын құрады (6,4% аз).
2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 458893 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,3% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 450246 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 322031 құрады, оның ішінде 313678 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2020 жылғы қыркүйекте 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,9% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 7,4%, азық-түлік емес тауарларға – 3,9%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 2,5% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2020 жылғы қыркүйекте 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4,7% төмендеді.
Әлеуметтік сектор
2020 жылғы тамыздағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 109660 теңгені (алдын ала деректер) құрады, бұл 2019 жылғы тамызға қарағанда 4,3% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2,5% төмендеді.
2020 жылғы қыркүйекте бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 212894 теңгені құрады.
ХЕҰ әдістемесі бойынша анықталған жұмыссыздар саны 2020 жылғы II тоқсанда 454 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 5% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2020 жылғы қыркүйектің соңына 227,9 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,5%.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Қазақстан Республикасы Әлеуметтік-экономикалық дамуы
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| А.М. Төлеутаева | Б.Ә. Тұрмағанбет | Алданғарқызы Ә. | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 74 95 09 | Тел. +7 (7172) 74 90 77 | Тел. +7 (7172) 74 90 02 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldаngarkyzy@economy.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті