2019 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 104282 теңгені құрады және атаулы мәнде 2018 жылмен салыстырғанда 12%-ға өсті. Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге бағалардың 5,3%-ке өсімі кезінде халықтың нақты ақшалай табыстары өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға жоғарылады.
2019 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының мөлшері бойынша ең жоғары мәні Атырау облысында байқалды, онда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2 есеге артты.
Табысы ең төмен өңірлер ретінде Түркістан облысы және Шымкент қаласы белгіленді, осы өңірлердегі халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейдің 50-67% құрады.
2019 жылы өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстардың ең жоғарғы және ең төменгі шамасы арасындағы айырмашылығы 4 есені құрады (2018 жылы – 4,2 есе).
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Тұрмыс деңгейі статистикасы
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Мақшаева А. | Белоносова Н.Е. | Ә. Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 74 92 62 | Тел. +77172 74 90 22 | Тел.+7717274 90 02 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldаngarkyzy@economy.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |