Ақтөбе облысының Статистика департаменті "Өзгеге жылу сыйла" акциясын қолдады

Ақтөбе облысының Статистика департаменті "Өзгеге жылу сыйла" акциясын қолдады

Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті Еріктілер кеңесі ұйымдастырған "Өзгеге жылу сыйла" қайырымдылық акциясына қатысты.

Акция аясында қызметкерлер балаларға арналған ойыншықтар, кеңсе тауарлары, киім-кешек, аяқ киім жинап, мұқтаж отбасыларға табыстады.

Департамент жыл сайын осындай бастамаларды қолдап, әлеуметтік маңызы бар жобаларға қатысып, қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен отбасыларға көмек көрсетуге атсалысады.

Сондай-ақ департамент қызметкерлері «105 игі іс» акциясы аясында жетімдер үйіне түсетін балалар санын азайту мақсатында жұмыс істейтін «Аналар үйіне» барып, кішкентай бүлдіршіндер мен аналарына қолдау көрсетіп, балалар үшін арнайы дайындалған сыйлықтарды табыстады.