2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының бюджеттің атқарылуы туралы есебі

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына 24 557 914,5 мың теңге бөлінген, есепті кезеңде 24 579 273,8 мың теңге атқарылды, оның ішінде бағдарламалар бөлінісінде:

001 «Реформаларды қалыптастыруға және тиімді іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі көрсетілетін қызметтер, стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистикалық қызмет салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік басқару жүйесі мен квазимемлекеттік секторды жетілдіруге қатысу» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес 18 048 130,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер 18 047 137,9 мың теңгені немесе 100%-ды құрады. Қолданылмаған қаражат қалдығы 992,1 мың теңге, оның ішінде: 161,2 мың теңге - ЕТҚ бойынша үнемдеу; 830,9 мың теңге - қаражат қалдығы.

002 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес 6 090 223,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер 6 088 903,9 мың теңгені немесе 100%-ды құрады. Қолданылмаған қаражат қалдығы 1 319,1мың теңге, оның ішінде: 973,9 мың теңге - ЕТҚ бойынша үнемдеу; 345,2 мың теңге - қаражат қалдығы.

003 «Халықаралық міндеттемелерді орындау және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасындағы балалар мен әйелдердің жағдайын мониторингтеу үшін мультииндикаторлық кластерлік зерттеп-қарауды жүргізу» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес 274 715,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер 298 519,6 мың теңгені немесе 108,7 %-ды құрады. 23 804,6 мың теңге - бағамдық айырма есебінен қайта игеру (доллар бағамының ұлғаюы).

138 «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес 30 632,2 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер 30 631,4 мың теңгені немесе 100%-ды құрады. Қаражат қалдығы 0,8 мың теңге.

159 «Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес 103 600,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер 103 467,7 мың теңгені немесе 99,9%-ды құрады. Қаражат қалдығы 132,3 мың теңге.

«Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуын қамтамасыз ету» 164 бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес 8 008,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер 8 007,0 мың теңге немесе 100%-ды құрады. Пайдаланылмаған қаражат қалдығы – 1,0 мың теңге.

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының бюджеттің атқарылуы туралы есебі
Дата публикации
20 января 2026