2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының бюджеттің атқарылуы туралы есебі

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына 16 706 402,8 мың теңге бөлінген, есепті кезеңде 16 630 344,0 мың теңге атқарылды, оның ішінде бағдарламалар бөлінісінде:

001 «Реформаларды қалыптастыруға және тиімді іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі көрсетілетін қызметтер, стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистикалық қызмет салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік басқару жүйесі мен квазимемлекеттік секторды жетілдіруге қатысу» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес 13 038 553,4 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер 13 009 576,7 мың теңгені немесе 99,8%-ды құрады. Қолданылмаған қаражат қалдығы 28 976,7 мың теңге, оның ішінде:
290,3 мың теңге - ЕТҚ бойынша қаражатты үнемдеу; 28 682,1 мың теңге - Республикалық бюджеттің ҚБШ қаражаттың жеткіліксіздігіне, растайтын құжаттардың кейіннен ұсынылуына, мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеуге байланысты; 3,7 мың теңге - іссапарлар кестесінің өзгеруіне байланысты;
0,6 мың теңге - қаражат қалдығы.

002 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес 3 365 315,2 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер 3 297 061,0 мың теңгені немесе 98%-ды құрады. Қолданылмаған қаражат қалдығы 68 254,2 мың теңге, оның ішінде: 64 330,9 мың теңге - Республикалық бюджеттің ҚБШ қаражаттың жеткіліксіздігіне, респонденттерді іріктеудің өзгеруіне, интервьюерлер орындаған жұмыстардың ұсынылған актілері фактісі бойынша төлем жүргізілуіне байланысты; 2 765,7 мың теңге - ЕТҚ бойынша қаражатты үнемдеу; 82,2 мың теңге - іссапарлар кестесінің өзгеруіне байланысты;
1 074,8 мың теңге – Республикалық бюджеттің ҚБШ қаражаттың жеткіліксіздігіне, растайтын құжаттарды кейіннен ұсынылуына, мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеуге байланысты; 0,5 мың теңге – растайтын құжаттардың, орындалған жұмыстардың актілері кешіктіріліп ұсынылуы; 0,1 мың теңге - қаражат қалдығы.

003 «Халықаралық міндеттемелерді орындау және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасындағы балалар мен әйелдердің жағдайын мониторингтеу үшін мультииндикаторлық кластерлік зерттеп-қарауды жүргізу» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес 274 715,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер 298 519,6 мың теңгені немесе 108,7%-ды құрады. Қаражат қалдығы 23 804,6 мың теңге - бағамдық айырма есебінен қайта игеру (доллар бағамының ұлғаюы).

138 «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес 20 768,2 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер 18 135,9 мың теңгені немесе 87,3%-ды құрады. Қаражат қалдығы 2 632,3 мың теңге мемлекеттік сатып алудың ұзақ рәсімдеріне байланысты игерілмеді.

159 «Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес қаражат қарастырылмаған.

«Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуын қамтамасыз ету» 164 бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес 6 783,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер 6 782,8 мың теңге немесе 100%-ды құрады. Пайдаланылмаған қаражат қалдығы – 0,2 мың теңге.

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының бюджеттің атқарылуы туралы есебі
Дата публикации
15 октября 2025