2025 жылғы 10 маусымдағы № 14

«Мәдениет статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық  нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы

20 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

         БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мәдениет статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                  № 19899 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

         1-тармақта:

         15) және 16) тармақшалар алып тасталсын;

         жоғарыда көрсетілген бұйрыққа 19 және 20-қосымшалар осы бұйрыққа                      1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететінорынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы

 

М. Турлубаев

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»
  Қазақстан Республикасы

  Мәдениет және ақпарат

  министрлігі

 

«Мәдениет статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық  нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
24 июня 2025