«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және 50-бабының 2-тармағына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
- «Орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табысы әртүрлі деңгейдегі халық топтары үшін баға индексін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 221 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14382болып тіркелген) күші жойылсын.
- Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Баға статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюро басшысы М. Тұрлубаев