«Мемлекеттік статистика саласындағы сұхбаттасу» кәсіптік стандартын бекіту туралы

№ 34   09.10.2024

 

«Мемлекеттік статистика саласындағы сұхбаттасу»

кәсіптік стандартын бекіту туралы

 

 

«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы
5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік статистика саласындағы сұхбаттасу» кәсіптік стандарты бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Адами ресурстарды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Басшы                                                                                               

 

М. Тұрлыбаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігі

 

Дата публикации
22 октября 2024