Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бюджеттің атқарылуы туралы есебі

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
5 827 326,8 мың теңге бөлінген, есепті кезеңде орындалу 5 539 303,4 мың теңгені құрады, оның ішінде бағдарламалар бөлінісінде:

«Реформаларды қалыптастыруға және тиімді іске асыруға жәрдемдесу бойынша көрсетілетін қызметтер, стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистикалық қызмет салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру,мемлекеттік басқару жүйесі мен квазимемлекеттік секторды жетілдіруге қатысу» 001 бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес 5 247 933,1 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер 5 127 516,2 мың теңгені немесе 97,7%-ды құрады. Пайдаланылмаған қаражаттың қалдығы 120 417,0 мың теңгені құрады, оның ішінде: 43 577,8 мың теңге - ЕТҚ үнемдеу бойынша; 75 025,6 мың теңге - жеткізушілердің төлем шоттарын және орындалған жұмыстар актілерін уақыттылы ұсынбауына байланысты; 1 813,6 мың теңге - қаражат қалдығы.

«Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету»
002 бағдарламасы бойынша
есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес    

576 716,6 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер 409 862,4 мың теңгені немесе 71,1%-ды құрады. Пайдаланылмаған 166 854,2 мың теңге  респонденттердің статистикалық ақпаратты ұсыну мерзімдерінің өзгеруі және респонденттер іріктемесінің азаюына байланысты игерілмеген.

«Халықаралық міндеттемелерді орындау және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасындағы балалар мен әйелдердің жағдайын мониторингтеу үшін мультииндикаторлық кластерлік зерттеп-қарауды өткізу» 003 бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес 216 392,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған.

 «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету»
138 бағдарламасы бойынша
есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес     2 677,1 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер

1 924,8 мың теңгені немесе 71,1%-ды құрады. Пайдаланылмаған 752,3 мың теңге қаражат қалдығы.

«Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету» 159 бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес 86 700,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған.

«Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуын қамтамасыз ету» 164 бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес 6 783,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бюджеттің атқарылуы туралы есебі
Дата публикации
03 апреля 2024