Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 22 655 639,3 мың теңге бөлінген, есепті кезеңде орындалу 22 649 939,4 мың теңгені құрады, оның ішінде бағдарламалар бөлінісінде:
«Реформаларды қалыптастыруға және тиімді іске асыруға жәрдемдесу бойынша көрсетілетін қызметтер, стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистикалық қызмет салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру,мемлекеттік басқару жүйесі мен квазимемлекеттік секторды жетілдіруге қатысу» 001 бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес 19 313 524,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер 19 310 984,2 мың теңгені немесе 100%-ды құрады. Пайдаланылмаған қаражаттың қалдығы 2 539,8 мың теңгені құрады, оның ішінде: 117,7 мың теңге - қаражат қалдығы; 2 422,1 мың теңге - мердігердің шарт міндеттерін орындамауына байланысты.
«Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету»
002 бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес
3 149 039,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер 3 149 036,4 мың теңгені немесе 100%-ды құрады. Пайдаланылмаған 2,6 мың теңге қаражат қалдығы.
«Халықаралық міндеттемелерді орындау және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасындағы балалар мен әйелдердің жағдайын мониторингтеу үшін мультииндикаторлық кластерлік зерттеп-қарауды өткізу» 003 бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес 7 202,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер 4 046,4 мың теңгені немесе 56,2%-ды құрады. Пайдаланылмаған 3 155,6 мың теңге Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Балалар қоры және Бюро арасында Бірлескен қаржыландыру туралы келісімге кеш қол қойылуына байланысты кеңсе тауарларын мемлекеттік сатып алу өткізілген жоқ, тауарды жеткізу мерзімі келесі қаржы жылына өтуіне байланысты, Бюджет кодексінің шарттарын және Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бұза отырып, жеткізуші төлемге шоттарды және орындалған жұмыс актілерін кеш ұсынуына байланысты игірілмеді.
«Өкілдiк шығындарға арналған қаражат есебiнен іс-шаралар өткізу»
101 бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес
4 078,9 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер
4 078,8 мың теңгені немесе 100%-ды құрады. Пайдаланылмаған 0,1 мың теңге қаражат қалдығы.
«Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету»
138 бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес
35 155,4 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер
35 154,7 мың теңгені немесе 100%-ды құрады. Пайдаланылмаған 0,7 мың теңге қаражат қалдығы.
«Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету» 159 бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес 140 115,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер 140 114,8 мың теңгені немесе 100%-ды құрады. Пайдаланылмаған 0,2 мың теңге қаражат қалдығы.
«Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуын қамтамасыз ету» 164 бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес 6 525,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер 6 524,1 мың теңгені немесе 100%-ды құрады. Пайдаланылмаған
0,9 мың теңге қаражат қалдығы.