Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросыбасшысының міндетін атқарушының
2023 жылғы «____» қыркүйектегі
№____ бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаментітуралы ереже
(№2)
1)Коммуникацияларды тарату және дамыту басқармасы;
2)Деректер базаларының сапасын бақылау басқармасынан тұрады.
1) ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс;
2) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
3) Бюроның интернет-ресурсын және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасын (МО ИРБП) жүргізу;
4) Бюро фронт-офисінің жұмысын үйлестіру;
5) Бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) жұмысты үйлестіру.
1) бастапқы және жиынтық деректерді талдау, мониторинг жүргізу және салыстыру арқылы статистикалық ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету;
2) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарауды жүзеге асыру;
3) қажет болған жағдайда департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға қатысу;
4) статистиканы жетілдіру мәселелері бойынша әдіснамалық кеңестердің жұмысына қатысу;
5) Бюроның құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп Бюроның талдамалық жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
6) респонденттерден статистикалық жұмыстар жоспарында айқындалған көлемдер мен мерзімдерінде дұрыс алғашқы статистикалық деректерді алуға;
7) Әкімшілік дереккөздерден өтеусіз негізде әкімшілік дереккөздермен әкімшілік деректерді ұсыну қағидаларында айқындалған тәртіппен әкімшілік деректерді алуға;
8) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты (материалдарды, құжаттарды) Бюроның құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінен,бағынысындағы ұйымнан, орталық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ өзге де мүдделі ұйымдардан белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
9) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоспарлы және бақылау құжаттарының орындалуы туралы есептерді, ақпаратты, мәліметтерді алу және ұсыну;
10) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
11) заңнама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды (Бюро актілерін) өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізу;
12) нормативтік емес құқықтық актілерді әзірлеуді қамтамасыз ету;
13) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге, оларға қатысу үшін бюроның басқа бөлімшелерінің, басқа да мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың мамандарын тарту;
14) Бюро бөлімшелерінде, мемлекеттік органдарда, өзге де мүдделі ұйымдарда оның мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша кеңестерге қатысу;
15) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бюро басшылығына ұсыныстар енгізу;
16) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық жобаларға қатысу;
17) құжаттарды есепке алуды және сақтауды, оларды мұрағатқа сақтауға бергенге дейін олардың жай-күйі мен сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
18) кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды, жоғары тұрған басшылықтан алынатын өзге де тапсырмаларды орындауды жүзеге асыру;
19) Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсындаорналастыру арқылы пайдаланушыларға ресми статистикалық ақпарат пен статистикалық әдіснамаға бір мезгілде қол жеткізуге тең құқықтарды қамтамасыз ету;
20) Департаменттің құзыреті шегінде Бюроның қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Бюроның Интернет-ресурсында жариялау;
21) Департамент (Бюро) ұйымдастыратын кеңестерге, алқаларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге материалдар дайындауға, сондай-ақ Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша бұйрықтардың, ережелердің жобаларын дайындау;
22) өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету;
23) Департаменттің нормативтік құқықтық актілері мен құқықтық актілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
24) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
25) Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
1) ресми статистикалық ақпаратты, оның ішінде ХВҚ (ССРД) деректерін таратудың арнайы стандарттары шеңберінде тарату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
2) санақтар бойынша жарияланымдарды қоспағанда, жарияланым қызметі мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады;
3) Бюроның жиынтық жарияланымдарының макеттерін әзірлейді;
4) статистикалық жарияланымдарды,оның ішінде машинада оқылатын жарияланымдарды жетілдіру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
5) ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесін қалыптастырады;
6) статистикалық жарияланымдар шығарылымының тізбесі мен кестесін қалыптастырады;
7) Бюро мен аумақтық бөлімшелердің жарияланымдарын ресімдеу стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді;
8) Тапсырыс берушінің өкілі ретінде полиграфиялық өнім өндіретін жеткізуші ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
9) жариялау қызметі бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу үшін техникалық ерекшелікті әзірлейді;
10) Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, Жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және Бюро басшылығының тапсырмалары бойынша ақпараттық-талдамалық материалдарды уақтылы ұсынады;
11) Бюроның басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп Бюро қызметі туралы ақпараттық және талдамалық материалдар қалыптастырады;
12) талдамалық шешімдерге техникалық тапсырмалар әзірлейді;
13) өз құзыреті шегінде белгіленген тәртіппен АЕО РМК әзірлейтін талдамалық шешімдерді келіседі;
14) пайдаланушылар арасында ресми статистикалық ақпаратты танымал ету жөніндегі Бюроның жұмысын ұйымдастырады;
15) Зерттеуші кабинетінің жұмысын үйлестіреді;
16) министрліктердің және агенттіктердің, олардың ведомстволарының ресми сауалдарына, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне,сондай-ақ «е-Өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасында жауаптар қалыптастырады;
17) Бюроның ведомстволық бағынысты ұйымымен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің тиісті жобаларын әзірлеуге қатысады;
18) «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспарын әзірлейді және бекітеді;
19) Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмысты үйлестіреді және Бюроның ведомстволық бағынысты ұйымының оларды көрсетуі туралы мониторинг жүргізеді;
20) тоқсан сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді;
21) деректер базасы бойынша сұрауларға жауаптарды сәйкестендірілмеген түрде беру жөніндегі жұмысты жүргізеді;
22) Бюроның Заң департаментіне ведомстволық бағынысты ұйыммен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер бойынша бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
23) Департаменттің құзыреті шегінде Бюронның қызметін жариялайды;
24) Бюроның Интернет-ресурсын өзектендіру, сондай-ақ оны дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді;
25) Бюро регламентіне сәйкес Статистикалық жұмыстар жоспарында бекітілген мерзімдерге сәйкес статистикалық жарияланымдарды Бюроның Интернет-ресурсында орналастыру мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
26) Интернет-ресурста бюроның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің бөлімдеріне мониторинг жүргізеді;
27) аумақтық бөлімшелердің статистикалық жарияланымдарын бюроның Интернет-ресурсында орналастыру бойынша жұмыс жүргізеді;
28) Бюро және аумақтық бөлімшелер бөлімдерінде ақпараттық материалмен және мазмұнды визуализациялаумен ЖІӨ-ні өзектендіру және толтыру бойынша жұмысты үйлестіреді;
29) ашық деректердің Интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне енгізілген ашық деректер жиынтығына талдау жүргізеді және оны түзету жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
30) Бюроның жауапты тұлғаларының Мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін тұрақты негізде толтыру жөніндегі жұмысын үйлестіреді;
31) Бюроның Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қызмет алатын респонденттердің немесе пайдаланушылардың өтініштеріне(сұрау салуларына, жауаптарына, ұсыныстарына) түсініктемелерді уақтылы ұсыну бойынша жұмысты үйлестіреді;
32) бірыңғай байланыс орталығы қызметінің мәселелері бойынша талдамалық ақпаратты, баяндамаларды, презентацияларды, ақпараттық материалдарды қалыптастырады;
33) Бюроның бірыңғай байланыс орталығының операторларын оқытуды ұйымдастырады;
34) респонденттердің немесе пайдаланушылардың келіп түскен өтініштері (сұрау салулары, жауаптары, ұсыныстары) бойынша білім базасын тұрақты негізде өзектендіреді;
35) Бюро фронт-офисінің CRM-жүйесі арқылы келіп түскен өтініш берушілердің өтініштерінің мәртебесіне ай сайын мониторинг жүргізеді;
36) әзірлеушілермен бірлесіп деректерді талдау процесін жақсарту үшін жаңа құралдарды (бағдарламаларды) әзірлеуге қатысады;
37) кейіннен жүйеге енгізу үшін қызметтер каталогын жүргізеді және өзектендіреді;
38) Бюроның қызметін БАҚ-та, Бюроның сайтында, құзыреті шегінде әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда жариялайды;
39) БАҚ үшін пресс-релиздер мен басқа да жарияланымдарды ресімдеудің негізгі талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
40) Бюро басшылығының БАҚ-пен байланысын қамтамасыз етеді;
41) Бюроның қызметі туралы БАҚ-та жарияланатын материалдарды талдайды, Бюро басшылығы үшін БАҚ-тағы жарияланымдар мен хабарламаларға шолуды қалыптастырады, Бюро басшылығына Бюроның жүргізіп жатқан жұмысына қатысты БАҚ-тың ұстанымы туралы, БАҚ-тағы пікірлер туралы хабарлайды;
42) баспасөз конференцияларын ұйымдастырады, БАҚ-та бейне, фото және аудио материалдарды дайындайды және таратады, Бюро қызметіне байланысты түрлі мәселелер бойынша брифингтер өткізеді;
43) Бюроның Пресс-релиздер жоспарын, медиа-жоспарын әзірлейді және бекітеді;
44) Бюроның құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп Бюроның қызметі және жүргізетін саясаты туралы ақпараттық және талдамалық материалдар қалыптастырады;
45) БАҚ-ты ресми статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етеді;
46) Бюроның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарының жұмысын және олардың мазмұнын толтыруды қамтамасыз етеді;
47) іс-шараларды фото-сүйемелдеуді жүзеге асырады;
48) Бюроның сенім телефонының жұмысын ұйымдастырады;
49) ресми статистикалық ақпарат пен әкімшілік деректердің сапасын бағалауды жүзеге асырады;
50) әкімшілік деректердің сапасын бағалау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
51) әкімшілік көрсеткіштер анықтамалығын әзірлеуге және өзектендіруге қатысады;
52) ресми дереккөздерден алынған әкімшілік деректердің мониторингін, талдауын, сапасын айқындауды және салыстыруды жүзеге асырады;
53) әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады;
54) әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
55) мемлекеттік статистика саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын әзірлейді және бекітеді;
56) әкімшілік деректерді және көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін жинауға арналған нысандарды келісуге қатысады;
57) статистикалық ақпаратты өндіру үшін әкімшілік деректерді пайдалану шеңберінде бекітілетін бірлескен актілерді әзірлеуге қатысады және оларды өзектендіру жөнінде ұсыныстар береді;
58) әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау мәселелері жөніндегі Бюроның аумақтық бөлімшелеріне әдіснамалық көмекті жүзеге асырады;
59) әкімшілік дереккөздер жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау үшін Бюроның аумақтық бөлімшелеріне материалдар жібереді;
60) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін әзірлеуге, сондай-ақ мемлекеттік статистика мәселелері бойынша құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауға қатысады;
61) өз құзыреті шегінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 ТБН жобаларын іске асыру жоспар-кестесінің тармақтарын орындайды;
62) Департаменттің міндеттерінен туындайтын өзге де функцияларды орындайды:
- мемлекеттік статистика және ұлттық деректер экожүйесін реформалау портфелінің мерзімдеріне сәйкес Департаментке бекітілген жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізеді;
- Департаментке жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау мақсатында халықаралық жобалар мен жұмыс топтарына қатысады;
- өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді, оларды ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыруды, мүдделі мемлекеттік органдармен талқылауды, келісуді және тиісті қорытындыларды (Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және осы органның жанындағы Сараптамалық кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын), сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес осы талап, бекіту қолданылмайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда, осы органның жанындағы Қоғамдық кеңестің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми кеңестің ұсынымдарын және қорытындыларын алуды қамтамасыз етеді,
- нормативтік емес құқықтық актілерді әзірлеуді қамтамасыз етеді;
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді талап етпейтін нормативтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкіне жіберуді және орналастыруды қамтамасыз етеді.