Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2023 жылғы 13 шiлдедегі № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 шiлдеде № 33087 болып тіркелді
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) "Жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандардың және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың жобаларын тестілеуді және талқылауды респонденттердің ерікті негізде қатысуымен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 13 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18068 болып тіркелген);
2) "Уәкілетті органның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 15 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18046 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы |
Ж. Шаймарданов |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігi
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігi
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігi
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігi
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігi
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі