2015 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Статистика» мамандығы бойынша магистратура ашылды.
2015 жылы Академияға Комитет пен оның аумақтық органдарының 17 қызметкері (орталық аппараттан – 6 адам, аумақтық органдардан – 11 адам) оқуға түсті және оқыды.
2017 жылы Академияға Комитет пен оның аумақтық органдарының 5 қызметкері (орталық аппараттан – 2 адам, аумақтық органдардан – 3 адам) оқуға түсті және оқыды.
2018 - 2019 жылдарда Академияда Комитет пен оның аумақтық органдарының 6 қызметкері (орталық аппараттан – 4 адам, аумақтық органдардан – 2 адам) оқыды.
2020 жылы Академияға Бюроның орталық аппаратының 3 қызметкері оқуға түсті және оқып жатыр.