«Инвестициялар және құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 4 ақпандағы № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

         Нұр-Сұлтан қаласы                                                                                                         город Нур-Султан                                                                                                               

 

«Инвестициялар және құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 4 ақпандағы № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Инвестициялар және құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 4 ақпандағы № 16 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19994 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының  2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрыққа 8-қосымшада:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы нұсқаулық «Жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы есеп» (индекс 1-ИС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (бұдан әрі – статистикалық нысан) толтыруды нақтылайды.»;

3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Тұрғын ғимараттарға жеке және көппәтерлі тұрғын үйлер, мамандандырылған үйлер немесе әлеуметтік топтарға арналған тұрғын ғимараттар (жатақханалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар, балалар үйлері, стационар жағдайында қарттар, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар), тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды бейімдеу орталықтары), сондай-ақ адамдардың тұрақты тұруына жарамды өзге де күрделі ғимараттар мен құрылыстар жатады.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «6. Арифметикалық-логикалық бақылау:

         Егер 2.2-жол толтырылған болса, онда 2.2.1 (2.2.1.1 немесе 2.2.1.2) тармақтарының бірі толтырылады.

         Егер 3-жол толтырылған болса, онда 4.1, 4.2-жолдар толтырылады. Егер 5.1-жол толтырылған болса, онда 5.2-жол толтырылады.

         6-жол жатақханалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар, балалар үйлері, стационар жағдайында қарттар, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар), тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды бейімдеу орталықтары және өзге де тұрғын ғимараттар (тұрғын үйлерден басқа) пайдалануға берілген жағдайда толтырылады.

         Тұрғын үйлерді пайдалануға берген жағдайда 7-жол толтырылмайды.»;

көрсетілген бұйрыққа 10-қосымшада:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы нұсқаулық «Жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы есеп» (индекс 1-ИС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (бұдан әрі – статистикалық нысан) толтыруды нақтылайды.»;

3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Тұрғын ғимараттарға жеке және көппәтерлі тұрғын үйлер, мамандандырылған үйлер немесе әлеуметтік топтарға арналған тұрғын ғимараттар (жатақханалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар, балалар үйлері, стационар жағдайында қарттар, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар), тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды бейімдеу орталықтары), сондай-ақ адамдардың тұрақты тұруына жарамды өзге де күрделі ғимараттар мен құрылыстар жатады.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «6. Арифметикалық-логикалық бақылау:

         Егер 2.2-жол толтырылған болса, онда 2.2.1 (2.2.1.1 немесе 2.2.1.2) тармақтарының бірі толтырылады.

         2, 6, 8-бөлімдерде тек бір ұяшық толтырылады. Егер 3-бөлім толтырылса, онда 4.1 және 4.2-жолдар толтырылады.

         5-бөлім жатақханалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар, балалар үйлері, стационар жағдайында қарттар, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар), тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды бейімдеу орталықтары және өзге де тұрғын ғимараттар (тұрғын үйлерден басқа) пайдалануға берілген жағдайда толтырылады.

         7-бөлімде 7.3 және 7.4, 7.5 және 7.6, 7.8 және 7.9-жолдардың екі ұяшығының біреуі ғана толтырылады.

         9.1.1-9.1.8-жолдарда барлық үш баған толтырылады (тұрғын үйлерге жапсаржайдан (қондырмалардан) басқа).

         Тұрғын үйлер пайдалануға берілген жағдайда 11-жол толтырылмайды.»;

11, 12, 13, 14, 15  және 16-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және
6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрыққа 18-қосымшада:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы нұсқаулық «Жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы есеп» (индекс 1-ИС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (бұдан әрі – статистикалық нысан) толтыруды нақтылайды.»;

3-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Тұрғын ғимараттарға жеке және көппәтерлі тұрғын үйлер, мамандандырылған үйлер немесе әлеуметтік топтарға арналған тұрғын ғимараттар (жатақханалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар, балалар үйлері, стационар жағдайында қарттар, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар), тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды бейімдеу орталықтары), сондай-ақ адамдардың тұрақты тұруына жарамды өзге де күрделі ғимараттар мен құрылыстар жатады.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «6. Арифметикалық-логикалық бақылау:

         2, 3 және 6-бөлімдерде бір ғана ұяшық толтырылады. Бұл ретте, 2-бөлімде, егер 2.4.1-жол толтырылған болса, онда 2.4-жолды толтыру қажет және егер 2.5.1-жол толтырылған болса, онда 2.5-жолды толтыру қажет.

         Егер 3.2-жол толтырылған болса, онда 3.2.1 (3.2.1.1 немесе 3.2.1.2) тармақтарының бірі толтырылады.

         Егер 4-жол толтырылса, онда 5.1, 5.2-жолдар толтырылады.

         Егер 6.7-жол толтырылса, онда 6.8-жол толтырылады.

         7-жол жатақханалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар, балалар үйлері, стационар жағдайында қарттар, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар), тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды бейімдеу орталықтары және өзге де тұрғын ғимараттар (тұрғын үйлерден басқа) пайдалануға берілген жағдайда толтырылады.

         Тұрғын үйлер пайдалануға берілген жағдайда 8-жол толтырылмайды.»;

көрсетілген бұйрыққа 20-қосымшада:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы нұсқаулық «Жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы есеп» (индекс 1-ИС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (бұдан әрі – статистикалық нысан) толтыруды нақтылайды.»;

3-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Тұрғын ғимараттарға жеке және көппәтерлі тұрғын үйлер, мамандандырылған үйлер немесе әлеуметтік топтарға арналған тұрғын ғимараттар (жатақханалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар, балалар үйлері, стационар жағдайында қарттар, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар), тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды бейімдеу орталықтары), сондай-ақ адамдардың тұрақты тұруына жарамды өзге де күрделі ғимараттар мен құрылыстар жатады»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «6. Арифметикалық-логикалық бақылау 2.1-2.5, 3.1-3.4, 6.1-6.6, 8.1-8.7, 10.1-10.9, 12-12.3-жолдарында бір ғана ұяшық толтырылады. Бұл ретте, егер 2.4.1-жол толтырылған болса, онда 2.4 жолын толтыру керек және егер 2.5.1-жол толтырылған болса, онда 2.5 жолын толтыру керек.

         Егер 3.2-жол толтырылған болса, онда 3.2.1 (3.2.1.1 немесе 3.2.1.2) тармақтарының бірі толтырылады.

         9.3 және 9.4, 9.5 және 9.6, 9.8 және 9.9-жолдары бойынша екі ұяшықтан біреуі ғана толтырылады.

         Егер 4-жол толтырылса, онда 5.1 және 5.3-жолдар толтырылуы керек.

         11.1.1-11.1.8-жолдарында барлық үш баған толтырылады.

         7-жол жатақханалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар, балалар үйлері, стационар жағдайында қарттар, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар), тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды бейімдеу орталықтары және өзге де тұрғын ғимараттар (тұрғын үйлерден басқа) пайдалануға берілген жағдайда толтырылады.

         14-жол тұрғын үйлерден басқа барлық объектілер үшін толтырылады.».

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1)  осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)  осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы

 

Ж. Шаймарданов

 

 

 «КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрлігі

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 23.09.2022

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 29771 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Агентство по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан - директор Департамента Самат Советович Жасузаков, 27.08.2022 16:49:49, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство индустрии и инфраструктурного развития РК - вице-министр Алмаз Серикболович Идырысов, 08.09.2022 18:32:02, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Алма Кайратовна Муканова, 21.09.2022 21:08:03, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi Ұлттық статистика бюросы - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы Ж. Шаймарданов, 22.09.2022 10:18:33, положительный результат проверки ЭЦП

Дата публикации
18 октября 2022